- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 157,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 133,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 51,2 мыңы – тұрақты жұмысқа, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 1,9 мың адам жіберілді.
Өз ісін ашу үшін 3,9 мың адам мемлекеттік гранттар алды.
"Субсидияланатын жұмыс орындарына 84,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 11,6 мың адам; жастар практикасына – 7 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 65,8 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 278 отбасы немесе 925 адам қоныс аударды, оның ішінде 448 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті 267 адам жаңа тұрғылықты жерде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 25 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды

