• Басты
  • Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов
2 Маусым, 2020 10:39

Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов

Биыл 20 маусым және 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады. 161-ге жуық ҰБТ өткізу пункті, 1200-ден аса аудитория әзірленді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлм етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17-рет өткізілетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл уақыт аралығында аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысқан.

"2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілді. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді. Биыл өтініштерді қабылдау алғаш рет онлайн форматта өтті. Тек қана интернет жоқ өңірлердің түлектері үшін дәстүрлі форматта құжаттар тапсыру мүмкіндігі берілді. Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111 109 оқушы, яғни түлектерің 82 пайыз өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға, яғни 15 мыңға жуық адамға көп. Сонымен бірге алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131 755 адам тест тапсырады", - деді Асхат аймағамбетов.  


Сонымен қатар министр ҰБТ форматының өзгермегенін атап өтті. 

"ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды онлайн тапсыру және кіру кезінде бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) тұлғаны сәйкестендіру, ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті енгізу, SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын ҰБТ балына аудару шкаласын енгізу. Көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық даярлау бағытына түсушілер үшін ҰБТ шекті балын 70 балға көтеру, ҰБТ тапсыру уақыты созылады. Тестіленушілерге тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болады. ҰБТ-да IV тоқсан сұрақтары жоқ", - деді министр.


Бұдан бөлек Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыратын орындардар медициналық-санитарлық талаптарды қатаң сақталатынын айтты. 

"Ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. ҰБТ өту барысын қарау үшін онлайн көрсетілім жүргізіледі.  ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді. 50 % толтырылыммен 1200 аса аудитория іске қосылатын болады", - деді министр.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі  ҰБТ-ны жоғары деңгейде дайын екенін атап өтті. 

"Сұрақ кітапшалары басылып шығарылды, мемлекеттік және аппеляция комиссияларының құрамы бекітілді. ҰБТ бейне трансляциясы 100 пайыз қамтамасыз етілді. Ұялы байланыс сигналдарын бәсеңдеткіштер – 100  пайыз, металл іздегіштер – 100 пайыз, аудиториялардың әзірлігі – 100 пайыз дайын", - деді Асхат Аймағамбетов.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды