• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биыл Біржан Нұрымбетов 150-ден астам азаматты жеке мәселелерімен қабылдады

Биыл Біржан Нұрымбетов 150-ден астам азаматты жеке мәселелерімен қабылдады

26 Желтоқсан, 2019 17:51

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс істеген кезеңінде ҚР Еңбекминінің қабылдау алаңында жеке мәселелері бойынша жүгінген 150-ден астам қазақстандықты қабылдады.

Азаматтарды кезекті қабылдау 26 желтоқсанда өтті. Бұл күні ҚР Еңбекминінің басшысы 5 адамды қабылдады. Олар мүгедектікті белгілеу, протездеуге және еңбек құқығын бұзуға байланысты мәселелерді шешуге көмек сұрап келген елорда тұрғындары.

Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдай отырып, Біржан Нұрымбетов нақты түсініктемелер берді және тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама аясында ҚР Еңбекминінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Осы жылы Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің алаңында 6 азаматтардың  қабылдауын өткізді, оның барысында оған 150-ден астам адам түрлі мәселелер бойынша жүгінді.

Сонымен қатар, Министр қоғамдық қабылдауларда және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында азаматтардың бірнеше қабылдауын өткізді.

Барлық жаңалықтар