• Басты
  • Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады
26 Мамыр, 2020 13:31

Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады

Елімізде «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдегі тасжолдың жалпы ұзындығы - 277 шақырым, деп хабарлады Stratrgy2050.kz ИИДМ-ге сілтеме жасай отырып.  
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады

Жоба 6 учаскеге бөлінген. Жолдың 833-853, 853-893 шақырымдары аралығында қозғалыс биыл ашылады. Бүгінге дейін ондағы жұмыстардың 50% аяқталған. 12 көпір және 22 су өткізу құбыры салынды. Жолдың 648-693 шақырымында бұрма жолды құрылыс жұмыстарына дайындау, жол-құрылыс материалдарын жинау, сондай-ақ жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстары шеңберінде жолда қиыршық тасты-мастикалық асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысы жаңартылып, 2 жол өтпесі, 20 көпір, 36 автобус аялдамасы және 80 су өткізу құбыры салынады. Сондай-ақ, 14 демалыс алаңын салу жоспарланған.  

Жаңарту жұмыстарынан өткен соң ІІІ санаттағы тасжол ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жоба аясындағы жұмыстарға 740 адам мен 560 техника жұмылдырылады. 

Еске салайық, Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзақтығы 1120 шақырым. Олардың 98,6% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды