• Басты
  • Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді
11 Қараша, 2020 17:25

Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары медициналық колледждің директоры Светлана Сұлтанғазиева Алматыдағы медицина кадрларының даярлығы мен студенттердің жұмыспен қамтамасыз етілу жағдайы туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді

Жоғары медициналық колледж директорының айтуынша, 2020 жылы медициналық колледждерде оқуды аяқтап, 3628 түлек диплом алған, соның 364- і Жоғары медициналық колледжді тәмамдапты.

Биыл бітірген түлектер арасында жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары, пайызға шаққанда 93 пайызды құрайды. Бұл біздің студенттеріміздің іске жарайтынын әрі білім берудің сапасының жоғары екендігін көрсетеді. Келер 2021 жылы колледждердің 4100-ден астам студенті дипломдарын алады, олар Алматы қаласы мен өңірлердің тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы мамандар қатарын толықтырады,- деді ол.
Жалпы мәліметтерге сүйенсек, оңтүстік астанада 10-нан астам медициналық колледж орташа медициналық қызметкерлерді дайындаумен айналысады. Қазіргі таңда 14 мыңнан астам студент білім алуда. Айта кету керек, бұл көрсеткіш білім алушылардың жалпы контингентінің саны. Олардың 10%-ға жуығы мемлекеттік грант иегерлері. Оқыту «емдеу ісі», «мейірбике ісі», «Зертханалық диагностика, гигиена және эпидемиология», «стоматология», «фармация» және т. б. мамандықтар бойынша білім алып, медицина саласының нақты мамандары болып шығуға дайындалуда. Бүгінгі таңда Алматы қаласында бакалаврларды, интерндерді, резиденттер мен докторанттарды дайындаумен айналысатын ірі жоғары оқу орындары бар. Олар: Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті. Сонымен қатар, дәрігерлерді түрлі мамандық бойынша дипломнан кейінгі даярлауды Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, ҚазҰМУ-нің медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі және Алматы қаласында орналасқан Республикалық ғылыми-зерттеу институттары жүргізеді.

Өткен жылдан бастап медициналық ұйымдардың тарапынан түскен өтінімдер негізінде кадрлар даярлауға бағытталған дуалды білім беру енгізілді. Бұл оқу орнындағы теориялық оқытуды тәжірибелік қызметпен үйлестіру, студент үшін жеке бағдарлама жасау. Сабақтардың теориялық бөлігі 30%-дан аспайды, студенттер барынша уақыттың көп бөлігін практикалық жұмысқа арнайды, сөйтіп сол медициналық ұйымда қалып, жұмысын жалғастырады.

Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, Алматыда медицина кадрларын даярлау жүйесі құрылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 60% қаражат берілген. Спикердің дерегінше, 2020-2021 оқу жылдарында колледжде оқу үшін 325 грант бөлінді, ал алдыңғы жылдары грант саны 225-тен аспаған. Мұның бәрі Алматы қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органының тәжірибелік денсаулық сақтау проблемаларына жіті назар аударатынын білдіреді. Жылдан жылға дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін дипломнан кейінгі даярлауға жергілікті бюджеттен жылдан жылға бөлінетін қаржжыж көлемі артып келе жатыр.

Болашақ дәрігерлердің біліктілігін арттыру үш түрлі жолмен жүзеге асады:

- отандық бейінді жетекші мамандарды тарта отырып, ел ішінде медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- Алматы қаласындағы медициналық ұйымдарға шетелдік жетекші мамандарды тарту және семинар-тренингтер, шеберлік сағаттарын өткізу арқылы медицина кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- шетелдік білім беру ұйымдарына немесе клиникалық орталықтарға қазақстандық жас мамандарды жіберу арқылы олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Оқу әдістемелік орталығында симуляциялық орталық (17 манекен мен фантом, оның 4-уі компьютерлендірілген), ана мен баланы қорғау орталығы және қосымша білім беру бөлімі жұмыс істейді. Оқыту ана мен баланы қорғау, қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету (халықаралық стандарттар: BLS, ACLS, PALS, PHTLS), Эпидемиология, клиника бойынша жүреді. Енді бұл бағыттарға COVID-19 профилактикасы, COVID-19-ға күдікті науқастармен қауіпсіз жұмыс саласы қосылып жатыр. «Биыл КВИ (Коронавирустық инфекцияның) диагностикасы және емдеу, жаңа инфекциялық клиникаларда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін даярлау бойынша тақырыптар басым болды. Осы өзекті тақырыпқа шетелдік (Израиль, Германия, Ресей, Испания, Англия, Корея және т.б.) және отандық мамандарды тарта отырып, біліктілікті арттырудың 40-тан астам циклы өткізілді. КВИ (Коронавирустық инфекцияның) тақырыбы бойынша тәжірибелік денсаулық сақтаудың 3 мыңнан астам қызметкері оқытылды. Басқа циклдарда 4,5 мыңға жуық маман оқытылды, - деді спикер.

Бұған дейін С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің ректоры Талғат Нұрғожин ҚазҰМУ студенттерінің 100 пайызы медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасатынын айтқан. Университет студенттерді жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар жыл сайын диплом берілгеннен кейін түлектерді өңірлерге жібереді. Осы жылы университет 1578 студентті қабылдады.

Біз өңірлерден медицина мамандарының жетіспеушілігі туралы өтініш аламыз да, соған сәйкес түлектерімізді жұмысқа жібереміз. Мәселен, біз осы жылы 100 резидентті дайындап шығарған болсақ, олардың 10-ы Алматыда қалады, 10-ы Солтүтік Қазақстан облысына барып жұмыс істейді, 15-і Түркістан облысына аттанады. Сол сияқты кете береді, - деді Талғат Нұрғожин.
Алматыдағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 89 білім беру бағдарламалары бар. Оның 23-і өткен жылы пайда болды. ҚазҰМУ-дың магистратура және доктаратурасында өзіндік бағдарламалары бар: магитратурада – биомедицина, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент, электронды денсаулық сақтау, жаһандық денсаулық, эпидемиология, денсаулық сақтау саласындағы психология, фармациядағы косметология; доктарантурады – медбикелік ғылым. Бұдан бөлек университет Қазақстан мен Британия техникалық университетімен бірлесіп, «Биоинформатика» магистратура бағдарламасын дайындады. Санкт-Петербург химия-фармацевтика университеті және АҚШ-тың UA SUNY университетімен бірігіп қос дипломдар беріледі.

Қазақстанда медициналық білім беретін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеттері жыл сайын медицина мамандарын даярлайды.

Барлық жаңалықтар
66.249.66.93, 192.168.88.100