• Басты
  • Биыл Алматы облысында 6 сервистік дайындау орталығы құрылды
7 Сәуір, 2020 13:53

Биыл Алматы облысында 6 сервистік дайындау орталығы құрылды

Биылғы жылы Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 6 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Олар дәнді дақылдар, күріш және мал азығы бағыттарына арналған. Сөйтіп, соңғы жылдарда облыста құрылған СДО-лар саны 50-ден асты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Биыл Алматы облысында 6 сервистік дайындау орталығы құрылды

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында тұрғындарды отандық азық-түлікпен қамту мемлекеттің басты бағдары ретінде белгіленіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын. Бұл ретте Алматы облысында қант қызылшасы мен шектес салаларды дамыту мақсатында «Жетісу» ӘКК сервистік дайындау орталықтарын құрды. 

Бұл шара облыстағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кооперациялау, машина-трактор парктерінің техникаларын жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы ауыл халқының тұрмысын жақсарту мақсатында атқарылып отыр. 

Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, 2011-2019 жылдар аралығында жалпы саны 45 СДО құрылған. Соның ішінде 29 СДО қант қызылшасы бағыты бойынша, 7 СДО – дәнді дақылдар, 3 СДО – картоп, қалғандары көкөніс, жүгері, күріш, мал азығы бағыттары бойынша жұмыс істейді.  Бұл орталықтар облыстың 13 өңірін қамтып отыр. Лизингіге 1 116 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары берілді. Сонымен қатар 250 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары біріктіруге мүмкіндік жасады. 12 700 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның 700-і - тұрақты 12 мыңы - маусымдық жұмыс орындары. Орталықтар жыл сайын 850-900 шағын және орта шаруа қожалықтарына қызмет көрсетеді. Жылына 28 00 га егіс алқаптарын өңдеуге үлес қосып отыр. 

Мұндай орталықтар құру жұмысы биыл да жалғасып, дәнді дақылдар, күріш және мал азығы бағыттарында 6 СДО құрылды. Оларға жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге болатын 86 бірлік техника сатып алу жоспарланған. Соның арқасында 53 жұмыс орны құрылады. Аталған СДО-лар Ескелді, Көксу, Балқаш, Қаратал, Райымбек, Кербұлақ аудандарында жұмыс істеуде.

Жалпы сатып алынған ауыл шаруашылығы техникалары жоғары өнімділікті және заман талабына сай, олар негізінен Claas (Германия), John Deere (АҚШ), Amity Technology (АҚШ), Franz Kleine (Ресей), Grimme (Нидерланд), DEUTZ-FAHR (Германия), Monosem (Франция), Top-Down (Швеция), Kverneland (Норвегия), YTO International (ҚХР), Ростсельмаш, Беларус, Агромаш Холдинг және басқа да әлемнің жетекші зауыт-өндірушілерінен және олардың ресми дилерлерінен сатып алынды. 

Бұл шаралардың барлығы да агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда мультипликативті әсер беретін болады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды