• Басты
  • Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды
17 Қараша, 2020 18:22

Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды

Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы туризм басқармасының бастығының орынбасары Марат Айнабеков ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды

Соңғы жылдары Алматы табиғаты мен көркем жерлеріне қызығатын туристердің саны артқан. Алайда, пандемия туризм саласына да кері әсерін тигізгені анық. Алматыға келетін туистер саны коронавирустық індет салдарынан азайған. Марат Айнабековтың мәліметінше, өткен жылдың осы уақыттағы қорытындысымен салыстырғанда, шетелдік туристер қарқыны 5 есе, ішкі туристер саны 2 есеге артқан.

Алматы република көлеміндегі ең ірі қалалардың бірі болып саналады. 2019 жылы мұнда 1,3 млн турист келген. Коронавирустық індет салдарынан биыл туристер саны азайды. 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда туристердің саны 40%-ға төмендегенін байқап отырмыз. Шетелден келетін туристер саны 63%-ға азайды, - деді ол.

Алматыға келетін туристің басым бөлігі Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Германиядан келеді. Олардың көбі оңтүстік астанаға туристер қызметтік мақсатта келеді. 

Алматыда ірі компаниялар көп шоғырланғандықтан, сондай-ақ инвестицияға қолайлы орта болғандықтан, туристер қызметтік мақсатта келген. Оған қоса, Алматы қаласының тарихы терең, «мың жылдық тарихы бар, мың бояулы қала» дейміз. Алматы өңірінде қола дәуіріндегі петроглифтерден бастап, таңбалы тас шатқалдары, Сақ қорғандары және Кеңестік замандағы сәулет өнерінің мысалдары бар. Алматы ел астанасы болып тұрғанда тарихи маңызы бар шешімдер қабылданғандықтан, этно-мәдени себептерді алға тартып, туристер көп келеді. Іле Алатау ұлттық паркіне келушілер саны артқан. Бұл негізінен экотуризм. Адамдар бұл нысандарға көбіне жаяу барады. Сондықтан біз тау туризміне арнайы санамаймызжәне нақты санын айта алмаймыз, - деді ол.

Басқарма жасаған талдауға сәйкес, өткен жылы Араб мемлекеттері бізге үлкен қызығушылық танытқаны анықталған. 

Сауд Арабиясынан келетін туристер көрсеткіші 125%-ға жеткен, ал Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер саны 82%-ды құрады. Өткен жылы Араб Әмірліктерінен 7000 турист келген. Осы нарықтың әлеуеті жоғары екенін байқаған соң, маркетингтік стратегиямызды осы елдерге бұрып отырмыз, - деп атап өтті ол.

Айнабеков маркетингтік ілгерілету құралдарымен таныстырды. Оның айтуынша офлайн және онлайн құралдарды пайдаланады. Офлайн құралдар арқылы түрлі халықаралық көрмелерге барып, Алматыны таныстырады. Мәселен, Үндістандағы Мумбай қаласы, Дубай және т.б. Биыл пандемияға байланысты Алматыны таныстыратын қалалардың көп бөлігі онлайн форматта өтті.

Пандемияға қарамастан биылғы жыл Алматының туристік инфрақұрылым жақсарту үшін қолайлы жыл болды. Қалада 8 ақпараттандыру орталықтары ашылды. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің жанына туристік хаб орналасты. Оның жанында қаланың туристік нысандарына апаратын автобустардың автотұрағы бар. Автокөліктер барлық бағытта жүреді. Басты назардағы мәселе – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта арнайы туристік полиция қызмет етеді. Туристік полиция қызметкерлері ағылшын тілін жетік меңгерген, сондықтан оларда шетелден келген азаматтармен тіл табысуда қиындық болмайды. Қазіргі таңда туристік полиция өкілдерімен бірге Медеу, Шымбұлақта санитарлық талаптар туралы хабарлама айтатын шаралар өткізуді көздейміз, - деді ол.

Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында қонақ үй, хостелдердегі сервистік қызметке үлкен мән беріеті туралы да Марат Айнабеков айтты.

Туризмнің дамуына әсер етуші бірден бір фактор, ол – туристердің жатын орындарының ыңғайлы болуы. Бұл туризмнің потенциалын арттырады. 2016 жылы 160 хостел мен қонақ үйлер болса, қазіргі таңда Алматыда туристер үшін қызмет ететін 335 қонақ үй мен хостелдер бар. Соңғы 5 жылда туристер үшін жатын орындарын дайындау жұмыстары дұрыс жүргізілетіні байқалады, - деді ол.

Келесі жылы олардың саны көбейеді. Қонақ үйлердің сапасы халықаралық стандартқа сай болады. Келесі жылы халықаралық стандартқа сай салынған төртжұлдызды отельдер салынады. Олардың бағасы қолжетімді, бірақ қызмет көрсету сапасы туристер үшін қолайлы болмақ. Алматыда 2018 жылы Mercure қонақ үйі ашылды, оны салуға 4 млрд инвестиция тартылып, қазір 90 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал 2019 жылы Novotel және Hilton қонақ үйлері пайдалануға берілді.

Туризмді дамытудағы маңызды қадам – соқпақтақтарды абаттандыру. Экологиялық туризмге көңіл бөліп отырғандықтан, таудағы жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ жолдар абаттандырылатынын жеткізді. Осы жылы BI Group компаниясының инвестициялауымен «Көк жайлау» абаттандырылды.

Соңғы екі жылда қалалық туризм басқармасы 1000 тау соқпағын цифрландырды. Соңғы 3 жылда 300 шақырымға созылған 25 тау маршруты абаттандырылды. Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жыл соңына дейін ұзындығы 157 шақырым болатын тағы 10 маршрут абаттандырылады, - деді ол.

Алматының туристер көп баратын Медеуінде туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 300 орындық қонақ үй салу жұмыстары басталған. Құрылыс жұмстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар таулы шатқалдарда, атап айтқанда Үлкен Алматы көліне барар жолдағы Аюсай шатқалында визит орталық салынып жатыр. Ал Шымбұлақ таулы курорты жанында 20 орынды экологиялық 10 тұрғын үй кешені салынуда.

Тау шаңғы спорты бойынша бұрынғы Динамо мен ЦСКА шаңғы базаларын қайта жаңғыртуды қолға алмақпыз. Мәселен ЦСКА-да 6 шақырымдық тау шаңғы жолын жасап, 1600 адамды қабылдай алса, Динамо 1700-дей адамға қызмет көрсете алады, - деді Марат Айнабеков.

Алматы және Алматы облысы тау кластерін дамыту құжаты тау шаӊғы курорттарын, хайкингке арналған тау соқпақтарын, ұзындығы 500 шақырым, цифрлап белгіленген велосипед маршруттарын және треккингті көздейді. Жоспар "Шымбұлақ", "Табаған", "Лесная Сказка", "Ақ Бұлақ", "Тау Парк", "Алматау" және т.б. сияқты тау шаӊғы курорттары мен базаларын қамтиды Қаланыӊ орталығы мен әуежайдан 30 минут жерде орналасқан таулар экотуризмді дамыту үшін орасан зор әлеует. Тау кластерін дамытуда жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Мәселен, шетел туристері сапарларыныӊ 40% Алматыда өтеді. Еуропадан және Азиядан келген шетел туристерініӊ 60% Алматыны табиғаты бүлінбеген жер ретінде таӊдайды.

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100