• Басты
  • Биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық тұрғын баспанамен қамтылады
23 Маусым, 2020 18:28

Биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық тұрғын баспанамен қамтылады

Биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 

Биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық тұрғын баспанамен қамтылады

2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн 25 мың шаршы метр немесе 9700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бүгінде облыс бойынша 1 547 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде – 931 жеке үй.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 21,1 млрд теңге бөлініп, 49 жоба іске асырылады. Осылайша, 2 439 жұмыс орнын құру көзделген. Ақтөбе облысында биыл 65 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй және кредиттік тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл – 1 142 пәтер.

Аталмыш екі бағыттағы жұмысты іске асыру үшін 1800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұдан басқа, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2% несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 302 тұрғын үй қарызына 3 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған 24 жобаны іске асыру үшін 7,9 млрд. теңге қарастырылған. Бұл ретте 661 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Барлық жаңалықтар