20 Қыркүйек, 2019 13:33

Биыл 65 мың пәтер салынады

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін арттыру үшін 2030 жылға қарай жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемінің жыл сайын 8%-ға өсуі жоспарланған. Биылғы жылы 13,0 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 118 мың тұрғын үй салынатын болады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Биыл 65 мың пәтер салынады | Strategy2050.kz

ИИДМб бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, осы жылдың 8 айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 7,6 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 65 мың пәтер салынатынын айтты.

«2019 жылы әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін 6002 жалға берілетін тұрғын үй салу (сатып алу) үшін республикалық бюджеттен 32,8 млрд.теңге бөлінді. Жыл сайын кемінде 4 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 2 813 тұрғын үй берілді», - деді ол.      

Сондай-ақ, ЖАО облигацияларын шығару жоспары 108,8 млрд.теңгені құрайды. "Бәйтерек девелопмент" АҚ 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖАО облигацияларын 87,4 млрд.теңге сомасына сатып алды, әкімдіктер 54,9 млрд. теңге игерілді. 2019 жылы 733 мың ш. м. кредиттік тұрғын үй немесе 12 388 пәтер салу жоспарлануда. Бүгінгі күні ауданы 169,0 мың ш. м. 2811 пәтер пайдалануға берілді.

 Айта кетейік, Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сондықтан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайын кемінде 3 мың жалдамалы пәтер салу жоспарлануда. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарланған.

   Аягөз Құрмаш 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды