• Басты
  • Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр
26 Мамыр, 2020 09:26

Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр

2020 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымы жайында АШМ басшысы Сапархан Омаров Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр

“2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп.Бұл ретте импорттың орнын басу үшін жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылады”, - деді ол.  

Министр биыл майлы дақылдардың алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдары - 10 мың гектарға, бақша дақылдары - 1,5 мың гектарға, картоп - 7,8 мың гектарға,азықтық дақылдар - 308,6 мың гектарға, қант қызылшасының алаңы 2,4 мың гектарға  ұлғаятынын жеткізді.

“Бұл ретте, дәнді дақылдар алаңы 14,9 млн. гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын егу республиканың барлық аймақтарында жүргізілуде. Атап айтқанда, дәнді және дәнді–бұршақты дақылдар 8,4 млн га немесе жоспарланған алаңның 57%, майлы дақылдар - 2,1 млн га (70%), көкөніс–бақша дақылдары мен картоп – 392 мың га (83%), қант қызылшасы – 20,5 мың га (93%), мақта - 118 мың га (100%), көпжылдық шөптер - 334,7 мың га (100%) егілді.Бұл ретте, оңтүстік өңірдегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға жақын”, - деді ол. 

С.Омаров айтып өткендей, 2020 жылдың астығына республика бойынша егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн тонна тұқым дайындалды.

“ Бұл тұқымдық материалға толық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні барлық тұқымдар тексерілді және 100% кондицияға сәйкес келеді.Жоғары репродукциялы тұқымдар 99% құрайды, оның ішінде 1-2-сыныпты егіс стандартына 1,2 млн. тонна кондициялық тұқымдар, 3-сыныбына 400 мың тонна сәйкес келеді.Бүгінгі күні 2,5 млн. тонна қажеттілік кезінде республикада шамамен 500 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізіледі”, - деді ол. 

Ол атап өткендей, тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26,2 млрд. теңге сомасында субсидия қарастырылған, бұл ретте ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 23,3 млрд.теңгеге қоса 2,8 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық.

“26 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна тыңайтқыш (жоспардың 76%-ы) жеткізілді, өңірлердегі сақтау қоймаларында қосымша шамамен 31,8 мың тонна тыңайтқыш бар. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады.Тыңайтқыштарды енгізудің жоспарға сай серпіні Қызылорда облысында байқалады, онда енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген норманың 93%-н, Солтүстік Қазақстанда 36%-ды және Түркістан облысында 27% құрайды”, - деді ол. 

Сонай-ақ, министр 2018 жылы тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимиялық картограммалардың болуы туралы талап енгізілгенін атады. 

“Шаруалар тарапынан білдірілген көптеген өтініштер есепке алынып, бұл талап 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды. Шаруалардың дайындалуы үшін және топырақтың нақты агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, тыңайтқыштар қажет болған жерде ғана енгізілуі үшін уақыт (2 жыл) берілді.Осы уақыт ішінде топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу бойынша қызмет көрсететін, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтары бар жаңа аккредиттелген зертханалар ашылды.Облыстардың жергілікті бюджеттерінде пестицидтерді субсидиялауға 2020 жылға 37 млрд. теңге қарастырылған, бұл шамамен 16,6 млн. литр пестицидтерді субсидиялауға мүмкіндік береді”, - деді ол. 

Министр ауыл шаруашылығы құралымдарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының қажетті саны бар екенін жеткізді.

“Министрлік облыстар әкімдіктерімен бірлесіп, карантиндік режимнің қолданылу уақытында сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты барлық мәселелерді пысықтады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді. Қаражат республиканың 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілді және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бағытталды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінді”, - деді ол. 

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды