• Басты
  • Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар – министр
5 Мамыр, 2020 09:59

Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар – министр

Биыл 1 млн. 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту мүмкіндігіміз бар, деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту жол картасы» туралы баяндамасында, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Биыл 1,2  млн адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар – министр
«Аталған бағдарламаың негізгі шарттарын еске салып кетсек, ол:қызмет көрсетушілердің және пайдаланатын құрылыс материалдардың 90 % - тен кем емес отандық өндірушілер мен мердігерлер болуы тиіс, 50 % - тен кем емес құрылып жатқан жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз жүрген, әсіресе жұмыссыз жастарды ескере, тартылуы тиіс», - деді Б.Нұрымбетов.

  Министр атағандай, Ел Президентінің соңғы берген тапсырмалары бойынша сыртта жүрген жастарға, «Жол картасына» қатысқан жағдайда, алдын ала 2 ең төменгі жалақы көлемінде көтерме төлемі беріліп, әр жобада жұмысшылардың кәуіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиалық шараларды қамтамасыз ету шарт.

   «Сіздің өкіміңізбен «Жол картанын» іске асыруын қадағалау жөнінде 25 наурызда Ведомствоаралық комиссия құрылып, оның 5 отырысы өткізілді.Комиссия тарапынан бөлінген қаражаттың лимиттері және ұсынылған жобалар тізбесі бекітілді», - деді ол.

Жалпы әкімдер тарапынан «Жол картаға» 6 506 жоба ұсынылды.

«Оның ішінде 2 703 жоба әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты, 1 039 жоба тұрғын-үй шаруашылығы нысандарына, 1 799 жоба инженерлік – көлік инфрақұрылымды қамтуға және 695 елді мекендерді абаттандыру жобалары.Аталған жобаларда барлығы 255 мың жұмыс орыны құрылмақ және де іске асырылған жобалар алдағы уақытта әр-түрлі экономика салаларында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға негізін қалайды», - деді Б.Нұрымбетов.

Сондай-ақ, министр жол картада іріктелген жобалар уақытша жұмыспен қамтумен бірге, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, алдағы уақытта экономикалық әсері бар, межелес салалардың дамуына, тұрақты жұмыс орындарын құруына ықпал ететінін жеткізді.

 «Мәселен, болашақта әлеуметтік актив болып қалатын жаңа құрылыстар.Жол картасы шеңберінде 80 жаңа білім беру ошақтары соғылмақ. Ол өз кезегінде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге, ауылдағы балалар үшін білім алуға қолжетімділігін қамтуға, мұғалімдерге 7 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Жаңа отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық елді мекендегі халықтың денсаулығын жақсартуға, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге, ауылды жерде дәрігер мамандарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді», - деді ол.

 Министр атағандай, бірқатар облыста, іске асатын жер суару кешендерін жаңарту жұмыстары - суармалы жер көлемін ұлғайтуға, халықтың егіншілік, мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндіктерді кеңейтеді.

 «Есеп бойынша осы жобалар межелес салаларда (ауыл шаруашылығында) болашақта 77 мың тұрақты, халықтың табыс көздерін арттыратын, жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді.Газбен, сумен, электроқуатымен, жылумен қамту жаңа жобалары - тұрғын-үй құрылысына серпін беруге, ауылдық халыққа қол жетімді коммуналдық қызметтер көрсетіп, әл-ауқатын арттыруға тікелей қатысты», - деді ол.

Министр өңірлерде «Жол картасын» іске асыру шаралары басталып жатқанын айтты.

«Барлық 6 506 жобаның ішінде 2 410 жоба, республикалық бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен іске асырылатын жобалар.Сол жобалар бойынша, 1-ші мамырға мемлекеттік сатып алу конкурстары, 1 779 жоба бойынша, (немесе 73,8 %) аяқталып, мердігерлер анықталып қойды.Бұл бағытта алда келе жатқан Жамбыл, Шығыс - Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Түркістан облыстары. Алматы, Шымкент қалаларымен, Қызылорда облысында бұл жұмыстын қарқыны әлі төмендеу», - деді ол.

Оған қоса, бірқатар өңірлерде 1 265 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті, 17 мыңнан астам жұмыс орыны құрылып, 10 332 жұмысшы қабылданды.

 «Еңбек министрлігі өз тарапынан «Жол картаның» іске асырылуына мониторинг жүргізу тетіктерін әзірледі.Әр облыс, қала, аудан және ауыл деңгейіне дейін есебі жүргізіледі, әр жоба бойынша оның «паспорты» әзірленді.«Паспортта» жобаның атауынан бастап, оның мақсаты, соңғы қол жеткізу жоспарлы көрсеткіші, орындау мерзімі, мердігер туралы мәліметтер, құрылатын жұмыс орындар саны, жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданған адамдардың және төленетін жалақы мөлшері есебі жүргізіледі. Мониторинг Еңбек министрлігің  «Еңбек нарығы» ақпараттық деректер жүйесі арқылы іске асырылуда», - деді ол.

Министр жалпы халықты жұмыспен қамту мәселесіне қатысты әр өңір әкімдерімен пысықтап, екі жақтан министр мен әкім қол қойып өңірде жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарларын бекітілгенін айтты.

 «Ол деген, тек «Жол картасы» ғаңа емес, барлық елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар бойынша құрылатын жұмыс орындары мен жұмыспен қамту шаралары мониторингке алынды.Сонымен, бүгінгі барлық бағдарламалардың әлеуетін ескере, 2020 жылы 1 млн. 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту мүмкіндігіміз бар», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды