• Басты
  • Бірыңғай бағдарламалық құжат әзірлеу қажет – Қ.Тоқаев
24 Қаңтар, 2020 13:18

Бірыңғай бағдарламалық құжат әзірлеу қажет – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірыңғай бағдарламалық құжат әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Бірыңғай бағдарламалық құжат әзірлеу қажет – Қ.Тоқаев

«Құжат пішіні бойынша қысқа, мағынасы бойынша терең болуы керек. Атап айтқанда,бұл Үкіметтің ортамерзімді уақытқа жоспарланған жұмысы. Аталған құжатты Үкімет пен Президент Әкімшілігі, «Атамекен» ҰКП 15 мамырға дейін әзірлеуі тиіс. Ойланатын уақыт жоқ. Бұл айтылған реформаларды жүзеге асыруды реттеу әлсіз болып отыр. Үкімет реформа әзірлейді,оны жүзеге асырады. ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік экономикалық реформалардың сараптау және реттеу орталығын құруды ұсынамын. Орталық қоғамдық бастау арқылы жұмыс істейді. Президент Әкімшілігі қызметкерлерінен бөлек, ғылым және сарапшылар құрамы енеді. Бұл орталықты әзірге ешбір бюджеттік шығынсыз құрайық», - деді Президент.

Сонымен қатар, Президент отырыста жүктелген барлық тапсырмаларды 1 мамырға дейiн жүзеге асыруды тапсырды.

«Үкiметке осы жылдың 1 мамырына дейін жұмыс нәтижелерін баяндауды тапсырамын. Маңыздылығына сәйкес кейiнге қалдыруға болатын шығындарды анықтауы қажет. Соның бастамасы ретiнде қымбат көліктер мен жиһаздарды сатып алуға, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге ұзақ мерзімді мараторий жариялауды ұсынамын. Елімізде өтетін шаралар практикалық және идеологиялық тұрғыдан нақты пайдалы болуы керек. Сондай-ақ, iшкi қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкiметке 2025 жылға дейінгі Сауда саясатының бағдарламасын әзірлеу, Сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамыту, Ұлттық стандарттарға сенімді арттыру, сондай-ақ, «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылдау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100