• Басты
  • Біртанов коронавирус індетін жұқтырғандар саны көп тіркелген өңірлерді атады
27 Мамыр, 2020 10:31

Біртанов коронавирус індетін жұқтырғандар саны көп тіркелген өңірлерді атады

Бүгін елордада коронавирус пандемиясына қарсы шаралар туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індетін жұқтырғандар саны көп тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлады Strategy2050.kz  тілшісі. 

Біртанов коронавирус індетін жұқтырғандар саны көп тіркелген өңірлерді атады

Министрдің сөзінше, өткен екі аптада өсім деңгейі 5 пайыздан асқан жоқ, бірақ кейбір өңірлерлерде көронавируспен тіркелген науқастардың саны өскен.

"Соңғы екі аптада өсім деңгейі 5 пайыздан асқан жоқ, бірақ кейбір өңірлерлерде көронавируспен тіркелген науқастардың саны өскен. Атап айтсам, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шымкент қаласында", - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, осы өңірлердегі коронавирустық аурудың өсімі - үлкен кәсіпорындарда тіркелген науқастардың санына байланысты артып отыр, өйткені жалпы халық карантинде отырған кезде, кейбір кәсіпорындардың жұмысы тоқтататылмаған.

"Мысалы, Атырау облысындаға Теңіз кенішінде - 1 063 науқас, Қарағанды облысында - 358 науқас, ал Шымкент қаласындағы "ПетроҚазақстан" ұйымында - 2019, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қаласындағы құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас тіркеліп отыр. Сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарындағы әскери ұйымдардың ішінде де көп науқас тіркелді. Карантин кезінде біз, жалпы халық үйде отырған кезде кейбір жұмысшылар, мысалы медицина қызметкерлері, әскери адамдар және жұмысы тоқтатылмайтын кәсіпорындардың мамандары жұмыс істеді. Инфекцияның таралу рискі жоғары болды, сол себепті ауру көрсеткіші өсіп отыр", - деді министр.

Сонымен қатар министр қазіргі таңда 58 науқастың жағдайы ауыр екенін атап өтті. 

"Кеше коронавирусқа байланысты ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 9 300 -ден астам науқас тіркелді. Оның жартысы, яғни 4 600-ден астамы емделіп, тәуір болып, ауруханалардан шығарылды. Өкінішке орай, 37 науқас қайтыс болып, 4653 науқас ем алуда, оның 355-і - балалар. Науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде. Көбісі симптомсыз тіркелген. 13 пайызы, яғни 543 науқастың жағдайы ортша, ал 1,5 пайызы, яғни 58 ем алушының жағдайы ауыр, оның 19-ы жасанды вентиляцияға қосылған", - деді министр.

Сонымен қатар министрдің сөзіне сүйенсек, тіркелген науқастардың 70 пайызы симптомсыз тіркелген.

"Науқастардың арасында ауырған, симптоммен келген науқастардың саны 15-16 пайыз көлемінде. Жалпы барлық науқастың 70 пайызы симптомсыз тіркелген азаматтар. Себебі бұл науқастарды табу үшін біз, яғни Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті әкімшіліктер алдын алу үшін профилактикалық скрининг өткізіп жатырырмыз. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі күні скринингтің көлемін басында күніне 3-4 мың ғана болса, қазір 25 мың тестке көтердік.  Жалпы осы эпидемия басталғаннан бері елімізде 711 мың тест өткізілді. Олардың 260 мыңнан астамы немесе 40 пайызы алдын алу скринингі деп айтуға болады", - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қоса ол тест жасаудың маңызына тоқталып өтті. Оның айтуынша, көп тест жасау арқылы ерте анықтап, індетті тоқтатуға мүмкіндік бар.

"Бұл өте маңызды мәселе. Әрине, көп жағдайда азаматтардан сұрақтар түсіп жатыр. Олар  "Мен ауырмаймын, ешқандай симптомдарым жоқ. Неге мені карантинге немесе ауруханаға жатқызады?" дегендей сауалдар қойылып жатыр. Оның себебі осындай симптомсыз аурулар басқа азаматтарға инфекцияны жұқтыруға мүмкіндігі бар. Ол белгілі, сол себепті алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Осылайша симптомсыз тіркелген адамдарды оқшаулап отырсақ, эпидемияны тоқтатуға мүмкіндік бар", - деді министр.

Бұдан бөлек министр жағдайдың тек қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өршіп тұрғанын атап өтіп, қазақстандықтарды карантин талаптарын ұстануға шақырды.

"Біздің ғылыми және клиникалық мамандардың айтуынша, пандемия әлі біткен жоқ. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзі үшін қауіпті жағдай, соны түсінуіміз керек. Дүние жүзіндегі пандемияны тоқтату үшін әр азамат, әр мемлекет осындай карантиндік, санитарлық шараларды енгізіп, сақтау керек. Адамадар екі метр арақашықтықты сақтау қажет. Біз оны әлеуметтік арақашықтық атап жүрміз. Әсіресе, жұмыс орындарында және далаға шыққанда сақталуы керек. Сонымен қатар қазіргі кезде бетперде тағу өте маңызды. Сондай-ақ жеке гигиенаны да сақтап, қолды жиі жуып тұру керек", - деді министр

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды