• Басты
  • Бірліктің қазақстандық моделі: ҚХА-ның тиімділігі
30 Сәуір, 2020 13:15

Бірліктің қазақстандық моделі: ҚХА-ның тиімділігі

Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтар достығының арқасында мемлекеттің дамуы тарихындағы қиын кезеңдер бастан өтті. Қазақстан халқы халықтар бірлігінің нығаюына 25 жыл үлес қосып келе жатқан бірегей институт, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Бірліктің қазақстандық моделі: ҚХА-ның тиімділігі

ШҚО бойынша «Ұлттық медиаторлар палатасы» ӨҚҰ өкілдігінің директоры Марианна Дячуктың пікірінше, ҚХА – этникаралық қарым-қатынастың бірегей медиаторы.

«Тұңғыш Президент-Елбасының саяси рухы халық бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл саясаттың тәжірибеге асуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің көрінісіне ие болды. ҚХА-ның бірқатар басымдықтарын атап өтуге болады. Мемлекет этникаралық қарым-қатынас саласында тұрақтылық гаранты болып отыр, ол ұлттық саясаттың ойластырылған стратегиясын жүзеге асырып отыр. ҚХА құрылғалы бері өз қарамағына салмақты қоғамдық инфрақұрылымды біріктірді», - деді ол.

М.Дячуктың айтуынша, аталған институт интеграция мен ынтымақтастықтың бірегейі болып қала бермек.

«Қазақстандық толеранттылықтың ерекшелігі саяси қоғамдағы медиация қызметі ретінде қолдануға болады. Оның бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл өзге этностардың өмір салтына сыйластық танытатын ұлттық мінездің, менталитеттің бейнесі. Екіншіден, қоғамның бастауы әртүрлі болатыны және олардың да құқықтары бар екенін түсіну. Бұл этникаралық қарым-қатынастардың мәдениет деңгейінің индикаторы. Сондай-ақ, бұл этностар бірлігі мен келісімді айқындайтын мемлекеттік ұлттық саясаттың ұстанымы. Оған қоса, бұл этникаралық қарама-қайшылықты реттеудің құралы.Толеранттылық демократиялық этносаралық саясаттың көрсеткіші болып табылады. Оның мақсаты - теңсіздік, этностарға көрсетілген сыйластық пен бірлік. Қазақстан халқы Ассамблеясы этникаралық қарым-қатынаста ерекше медиатор болып табылады. Осылайша, этномедиация медиацияның маңызды бөлігі екенін айтуға болады. ҚХА азаматтық қоғамның саяси емес институттарының диалогтік алаңы болып табылады», - деді ол.

   Өз кезегінде РФ Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев Ресей аумағында қазақстандық-ресейлік шекарадан 7500 шақырым жерде мыңдаған қазақ халықының өкілі күн кешіп жатқанын жеткізді

« Оның басым бөлігі тұрғылықты халық. Қазақстан мен РФ Түмен облысы достық-көршілік қарым-қатынас орнатқан. Оларды тек Солтүстік Қазақстан облысымен байланысқан шекара ғана емес, сондай-ақ, тарихи, мәдени және экономикалық байланыс біріктіреді. Түмен жерінде 20 мың қазақ тұрады. Бұл ірі облыстағы қазақтардың этномәдени дамуымен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы айналысады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Түмен облысы Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты 2011 жылдың мамырында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен жасаған келісімнен бастағанын айтты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы біз үшін тарихи отанмен байланыстыратын көпір болды. Біз СҚО ассамблеясының басшылығы және активімен тығыз іскерлік байланыс орнаттық. Екіжақты шараларға қатыса бастадық. Біз Петропавлдағы әріптестерімізбен бірден тіл табыстық. Іскерлік қарым-қатынас достыққа ұласты. Бүгінде бір-бірімізге қонақ болып барып та тұрамыз. Ассамблея СҚО әкімдігімен бірігіп түмен қазақтарына қазақ тілін меңгеру бойынша факультативтік сыныптарды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Олар оқыту және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді. ҚХА мен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының ынтымақтастығын барыншы тиімді деп атауға болады. Елдеріміздің географиялық және тарихи-мәдени жақындығы ол үшін толық мүмкіндік беріп отыр», - деді ол.
Аягөз Құрмаш 
Барлық жаңалықтар
18.213.192.104, 192.168.88.100