• Басты
  • Бірлігіміз - ең басты байлығымыз – Ш.Пулатов
1 Мамыр, 2020 10:15

Бірлігіміз - ең басты байлығымыз – Ш.Пулатов

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этомәдени орталығының төрағасы  Шерзод Пулатов Strategy2050.kz тілшісіне Бірлік күні мерекесінің маңызы  мен қоғамдағы рөлі туралы  айтып берді.   
 Бірлігіміз -  ең басты байлығымыз – Ш.Пулатов

- Шерзод Аббозұлы, Бірлік күні  мерекесінің маңызы қандай?

- 1 мамыр – еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 100-ден астам әр түрлі этнос өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп, ынтымақ, бірлік пен бейбітшілікті сақтап келеді. Сонымен бірге «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген де қазақтың дана сөзі бар. Еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі Елбасымыздың Ассамблея институтының құрылуы мен тікелей байланысты. Қазақстандық моделі жылдар бойы нығайып келеді, оның қалыптасуына әрбір қазақстандық азаматтың үлесі бар және бұл мәселеге мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп келеді.

Шын мәнінде біздің моделіміз өзінің өміршеңдігін дәлелдеді, қоғамдық келісімді 30 жыл бойы сақтап келеді. Айтылған сөздерді негізге алып Қазақстан халқының бірлігі ең басты байлығымыз деп білеміз, сондықтан, бұл күнінің маңызы да өте зор деп тартылмай айта аламыз.

- Қазақстанда көп ұлттың ынтымақта өмір сүруі  моделі жайлы не айтасыз?

- Біріншіден, Қазақстандық үлгі бастапқыда этностардың қоғамдық ұйымдары, этномәдени бірлестіктер мен мемлекет арқылы азаматтық қоғам институттарының сындарлы шығармашылық өзара іс-қимылы негізінде "төменнен" құрылды.

Екінші. Барлық этникалық топтар өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебеге ие. Олардың өкілдері ұлттық азшылық ретінде емес, Қазақстанның біртұтас халқының толыққанды құқықтары бар азаматтары ретінде қарастырылады.

Үшінші. Қазақстандық этностардың өкілдігі мен мүдделерін саяси іске асыру жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Конституцияның кепілі болып табылады және осы арқылы Ассамблеяның жоғары мәртебесі белгіленді. Жоғары органның жыл сайынғы сессиясының шешімдерін барлық мемлекеттік органдар орындайды.

Төртінші. Этникалық топтардың мүдделері Ассамблеяның парламенттік кепілдік берілген өкілдігі арқылы қамтамасыз етіледі, оның нәтижесінде Ассамблеядан сайланатын Мәжілістің 9 депутаты елдің барлық этностары мүдделерінің жиынтығы ретінде оның мүдделерін білдіреді.

Бесінші. Қазақстандық модельде "бірлік - алуан түрлілік арқылы" біріктіруші негіз  салынған. Мемлекеттің этникалық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жөніндегі мақсатты саясаты мәдени әр алуандықты сақтауға және көбейтуге ықпал етеді.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі ұғымындағы жауапкершілігі мен рөлін айтып берсеңіз.

-Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

- 1-мамыр мерекесі биыл ТЖ режиміне сәйкес келіп отыр. Мерекені онлайн қалай тойлауға болады? Жаңа ұсыныс, идеялар пайда болды ма?

-Қазақстан халқы Ассамблеясы #бізбіргеміз, #бізүйдеміз бірыңғай хештегімен түрлі челлендждер ұйымдастырып, Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасы, Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы», мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздейтін «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі», «Мәміле» жобалары және басқа да онлайн іс-шараларды жұртшылық назарына ұсынды. Атқарылған жұмыстар жөнінде әлеуметтік желілерде 264 бейнеролик, 192 бейнесабақ жарық көрді. Ғылыми-сараптамалық талдаулар да сұранысқа сай жаңа форматта жүзеге асты.

Мәселен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде әр түрлі постар, республикалық газеттерде төтенше жағдай кезінде халықты қолдау мақсатында мақалалар жарияланды. «Ютуб» желісінде ұлы даланың киелі мұраларын ұлықтайтын «Жыр орталығы» бойынша бейнероликтер, індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру бағытында, ұлттық аспап бойынша, #abai175 челленджі бойынша, #ГотовимДомаВместе жобасы бойынша бірқатар видеороликтер  жарияланды.

Барлық жобалар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуды көздей отырып, табысынан айырылған азаматтарға қолдау көрсетуге, карантин кезіндегі іс-шараларға халықты жұмылдыруға және залалсыздандыру ережелерін сақтауға бағытталды. Ассамблея соның ішінде «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына ерекше үлес қосып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті. Қайырымдылық шараға этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім кеңестері, Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, ҚХА еріктілер қозғалысының орталығы, ҚХА құрылымдық бөлімшелері атсалысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызілікті зейнеткерлер мен ата-ана қамқорлығынан айрылған студенттерге азық-түлік себеттері, антисептик, дәрі-дәрмек және басқа күнделікті тұрмысқа қажетті химиялық заттар жеткізілді, әлі де жалғасуда.

   - Өзбек мәдени орталығы мерекені қалай тойламақ. Қандай жоспар бар?

-Қазақстанда коронавирус  инфекцияның пандемиясы кезінде жарияланған ТЖ елдегі жалпы жағдайға айтарлықтай әсер етті. Алайда, карантин кезеңі өзбек этномәдени орталығының қатысушылары мен жексенбілік этнолингвистикалық мектебінің педагогикалық құрамын, осымен бірге мектептің оқушылары мен олардың ата-аналарын ортақ мақсатпен біріктірді.

Бірінші мамыр мерекесі Қазақстан халқы үшін өте маңызды іс-шара, сондықтан өзбек этномәдени орталығы жыл сайын белсенді қатысып келеді. Біз осы жылы оны Қазақстанның барлық халқымен бірге тойлайтын боламыз, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін түрлі акциялар мен челедждерге қатыса отырып, біз ұлы ойшыл Абай атамыздың әндерін ұлттық музыкалық аспаптарда орындау бойынша челленджге қатыстық, сондай-ақ #готовимвместедома деген челленджге қатысып, палау ұлттық тағамын қалай дайындау керек жолын көрсеттік. Менің ойымша, орталығымыз Қазақстан халқы бірлігі күнін өткізу аясында Ассамблея жүргізіп отырған жұмысқа белсенді қатысуды жалғастырамыз.

- Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтасаңыз.

шер.jpg

-Бірлігіміз біздің ең басты байлығымыз, оны сақтай білуміз керек. Ал 1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі мерекесі. Осы мерекеге байланысты тілейтінім, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігі нығая түсіп, елімізде ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін. Бірінші мамыр халық бірлігі күні бәрімізге құтты болсын.

- Сұхбатыңызға рақмет!


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды