• Басты
  • Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
30 Маусым, 2020 10:40

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

«Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді.

Елімізге қайтарымсыз негізде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекция құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды.

Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды