• Басты
  • «Birgemiz» қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілді
28 Сәуір, 2020 18:26

«Birgemiz» қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілді

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры 330 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бүгін-ертең тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Бұл туралы қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Birgemiz» қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілді

Сонымен бірге ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Birgemiz» қорынан Ұлы Отан соғысының 40 мың қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден төлемақы алғанын, 800-ден астам ардагер мен 8 мың тыл еңбеккеріне азық-түлік себеттері мен жеке қорғаныс құралдары жеткізілгенін ардагерлерге қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай да жалғасатынын атап өтті.

Көмек алушылардың тізімдері Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымы негізінде белгіленген 7 категория бойынша әкімдер тарапынан берілген болатын.

 Олардың ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар.

«Қордан берілетін көмектің екінші толқыны аясында 10,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қор ресурстары шектеулі, сол себепті қолдау шынында көмекке мұқтаж, материалдық жағдайы төмен  азаматтарға ғана көрсетілетін болады»,- деді қор төрағасы Руслан Сакеев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды