• Басты
  • Birgemiz: Bilim: Қазақстанның барлық өңірі қамтылады
12 Ақпан, 2020 15:15

Birgemiz: Bilim: Қазақстанның барлық өңірі қамтылады

«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасының амбассадоры Эмин Аскеров аталған жоба аясында ауылдық жерлердегі оқушыларды оқыту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Birgemiz: Bilim: Қазақстанның барлық өңірі қамтылады

«Қазақстанның барлық аймақтарын қамтуды жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам оқушыға ағылшын тілі мен ҰБТ-ға дайындық, кәсіби бейімдеу сынды салалар бойынша білім бермекпіз. Жоба аясында өздерінің әдістері мен тәжірибелерімен бөлісетін волонтерларды тартамыз. Оқушыларға өздерінің біліктілігін осылайша арттыруға көмек береміз», - деді ол.

Сонымен қатар, Э.Аскеров волонтерлар арнайы оқытудан өтетінін айтты.

«Бұл жерде нақты талаптар жоқ. Жынысы мен жасы маңызды емес. Ең бастысы волонтерлардың тәжірибесі мол және сол тәжірибемен өзгелермен бөлісуге деген ниеті бар болуы керек. Ағылшын тілін білетін әртүрлі жастағы адамдар да тартылады. Волонтерлады ешқандай талап бойынша бөлуге болмайды ғой. Іріктеуді республика бойынша жүргіземіз. Құрылған фронт-офис те білікті волонтерларды жинап, олардың өзгелерге үйретуге ынтасын ашады деп ойлаймын», - деді Э.Аскеров.

Айта кетейік, «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасының мақсаты - ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсету.Волонтерлік көмек 14 облыста көрсетілетін болады.

Жобадан жобаға оқытушылар, студенттер және т.б. қатарынан 100-ден астам волонтерлердің қатысуы күтіліп отыр. Әрбір өңірдің ауылдық жеріндегі орта мектептердің кемінде 1000 оқушысын оқыту көзделген.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды