• Басты
  • Білім саласындағы барлық қызметкерлер педагог боп саналады – А.Дүйсенбаева
4 Қазан, 2019 12:44

Білім саласындағы барлық қызметкерлер педагог боп саналады – А.Дүйсенбаева

Еліміздегі педагогтардың мәртебесін көтеру мақсатында жасалған «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң жобасы мәжіліске жіберілді. Бұл туралы «Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыпта өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басқарма басшысы Айман Дүйсенбаева айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Білім саласындағы  барлық қызметкерлер педагог боп саналады – А.Дүйсенбаева
«Аталған заңды мәжіліске кіргіздік. Қазіргі таңда бұл заң депуттар тарапынан қаралуда. Заң жобасы ұстаздың әлеуметтік жағдайына баса мән береді. Яғни, жалақысын көбейту, біліктілігін тексеру үшін тапсырылатын аттестациядан өткен жағдайда 30 пайыздан 50 пайызға дейін үстеме жалақы қосу. Бүгінгі таңда 123 мыңнан астам ұстаз осы үстеме қосылған жалақыны алып отыр. Бұдан бөлек, қандай да бір тұлғанын ұстаздың жеке басына тиісіп, ар-ожданына нұқсан келтірген жағдай әкімшілік айыппұл салынады. Қазір сол айыппұлдың көлемі қарастырылып жатыр. Неізі ол 20-дан 120 есептік көрсеткішті құрау керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Айман Дүйсенбаева айтуынша, білім саласында қызмет істеп жүрген барлық қызметкерлер бұдан былай педагог боп саналмақ.

«Бұдан былай, білім саласында істеп жүрген қызметкерлердің бәрі бұдан былай педагог боп саналады. Олардың еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін өсті. Мәселен, бұрын мектеп ұстаздары 56 күн демалатын болса, заң күшіне енгеннен бастап балабақшадағы тәрбиешілер, қосымша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттердің педагогтары 56 күн демалатын болады». – деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, беделін арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Бізде жылына «Үздік педагог» деген конкурс өткізіледі. 8 жыл ішінде аталған байқауға қатысқандардың ішінен үздік деген 432 педагог таңдалынып, 2 млн 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыберілді. Ал, биылғы өткен конкурста 64 адам осындай сыйақымен марапатталды. Бұдан бөлек, бір ұстазымыз әлемдік конкурсқа жолдама алды. Міне, осының бәрі ұстаздың мәртебесін арттыру үшін жасалып жатқан шаралар деп ойлаймын», - деді ол.

   Назерке Сүйіндік 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды