• Басты
  • Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері

Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері

3 Маусым, 2021 17:22

ҚР БҒМ «Қаржы орталығы АҚ» президенті Асқар Ибраимов аталмыш мекеме жүзеге асырып жатқан білім беру саласындағы 5 әлеуметтік жоба туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Орталық басшысының сөзiнше, әлеуметтiк жобалар төмендегi бағыттар бойынша iске асуда:

- Тұңғыш Президенттiң Үшiншi әлеуметтiк бастамасын iске асыру шеңберiнде студенттер жатақханаларын салу және реконструкциялау

- жан басына шаққандағы нормативтiк қаржыландыру шеңберiнде жекеменшiк мектептер салу және реконструкциялау

- Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi («Aqyl» бiлiм беру депозитi»);

- Мемлекеттiк бiлiм беру кредитi

- Әлеуметтiк студенттiк несие

Студенттiк жатақханаларды салу және реконструкциялау

Еске салайық, 2018 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтiк бастамасын жариялаған болатын. Олардың бiрi - студент жастардың өмiр сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Мекеме басшысының сөзiнше, осы мiндетке қол жеткiзу үшiн жекеменшiк сектордың кеңiнен қатысуын көздейтiн мемлекеттiк тапсырысты орналастыру тетiгi әзiрленген.

«Бiз инвесторларды, жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiң қаржылай қолдауымен студенттiк жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Осы ретте бұл процеске кезектi әлеуметтi объектiнi тұрғызу ретiнде емес, табысты, тұрақты және перспективалы бизнес-жоба ретiнде әлдеқайда ауқымды түрде қарауды ұсынамын. Өйткенi сол үшiн барлық алғышарттар бар», - дедi Асқар Ибраимов.

Оның сөзiнше, бүгiнде елiмiзде студенттер тұратын 63 мыңнан астам орын-жайдың салынуын қамтамасыз ету қажет. Бұл iрi қалалардан бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейiнгi елiмiздiң барлық өңiрлерiне тән қажеттiлiк. Сондай-ақ жақын болашақта Қазақстанда 2000-шы жылдардағы baby-boom-ның нәтижесi байқалмақ, яғни бұл студенттер контингентi бiршама өседi деген сөз. Әрине, бұл жағдай студенттiк жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймайтынын тiлге тиек еттi.

«Тетiктiң тұжырымдамасы мемлекет пен жекеменшiк сектордың әрiптестiгiне негiзделген. Инвестор, оқу орны немесе кәсiпкер тұлғасындағы жекеменшiк құрылыс салушы өз қаражаты есебiнен объектiнi iске қосуды жүзеге асырады. Объектiнi iске қосу сәттi болған жағдайда мемлекет оған мақсатты мемлекеттiк тапсырысты орналастырады. Бұл жерде үш маңызды параметрдi атап өту керек», - дедi ол.

1.    Орналастыру принципi. Мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың басты шарты - студенттiң тұру фактiсi. Яғни, жан басына шаққандағы қаржыландыру принципi жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк тапсырыс мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен жаңа жатақханаларды енгiзудi iске асырған барлық ұйымдарда орналастырылады.

2.    Орналастыру мерзiмi. Мемлекеттiк тапсырыс ай сайынғы негiзде 8 жыл мерзiмге орналастырылады. Демалыс кезеңiнде соңғы оқу айында тұрған студенттер саны ескерiледi.

3.    Төлемдер мөлшерi. Бiр студентке арналған мемлекеттiк тапсырыстың жыл сайынғы мөлшерi: құрылыс салынған жағдайда 122 АЕК, реконструкция жасалған жағдайда 47 АЕК-нi құрайды. Бұл ретте алғашқы 12 айда мемлекеттiк тапсырыс екiге тең болып келетiн түзету коэффициентi ескерiле отырып төленедi. Мысалы, нақты 100 адам тұратын болса, төлемдер 200 адамға жасалады. Бiрақ жатақхананың жобалық қуатынан аспауы тиiс.

«Локдаунмен және пандемиямен байланысты осындай турбуленттi кезеңде мемлекеттiк тапсырыс бойынша төлемдер студенттердiң тұруына қандай да бiр мониторинг жүргiзбестен жатақхананың жобалық қуаты бойынша жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Мысал ретiнде Шымкент қаласында iске асырылған жобаны алуға болады. 350 орындық жатақхана құрылысының құны 650 млн. теңге, жоспарланған мемлекеттiк тапсырыс көлемi 862 млн. теңгенi құрайды, яғни оң айырмашылық байқалады және ол шамамен 200 млн. теңгенi құрайды», - дедi ол.

Жалпы алғанда, оның мәлiметiнше, осы мақсаттар үшiн республикалық бюджеттен 152 млрд теңге көзделген және ең маңыздысы бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды.

«Iске асырылып жатқан жобалар аясында мемлекеттiк тапсырысты орналастырумен қатар қосымша табыс көздерi болады. Яғни, студенттердiң ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттiк тапсырыс құнына кiрмейдi. Оның мөлшерiн жатақхана иесi реттейдi және ол белгiлi бiр аймақтың тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады», - дедi Асқар Ибраимов.

Сонымен қатар тұрмыстық қызметтер көрсету үшiн коммерциялық алаңдар жасауға болады, олардың негiзгi тұтынушылары сол жердiң тұрғындары болмақ. Ғимаратты реконструкция жасау жолымен жаңа жатақхана орындарын iске қосу жеке бағыт ретiнде ұсынылады.

«Егер сiз ғимараттың меншiк иесi болсаңыз, оны студенттiк жатақхана етiп реконструкция жүргiзiп, мемлекеттiк тапсырысты орналастыруға үмiттене аласыз. Бұл жағдайда оның мөлшерi әрбiр орын-жай үшiн 47 АЕК-тi құрайды», - дедi ол.

Жалпы алғанда, оның сөзiнше, студенттiк жатақханаларда жаңа орындарды енгiзу тәсiлiне қарамастан, барлық объектiлер және оларды одан әрi пайдалану қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкестiкте жүргiзiлуi тиiс. Бүгiнгi күнi аралық нәтижелер бар – 20 870 орындық 77 жатақхана пайдалануға берiлiп, 27 525 орындық 76 шарт жасалған.

Жекеменшiк мектептердi салу және реконструкциялау

Бүгiнгi таңда орта бiлiм беру саласындағы маңызды мiндеттердiң бiрi - лық толы мемлекеттiк мектептердiң жүгiн азайту, сондай-ақ бiлiм беру сапасын арттыру үшiн күресте мектептер арасындағы адал бәсекелестiктi дамыту болып отыр.  2018 жылдан бастап жекеменшiк бiлiм беру ұйымдарында орта бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру мүмкiндiгi заңды түрде бекiтiлдi. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдiстемесiнде жекеменшiк мектептер үшiн жан басына шаққандағы норматив айқындалған.

Оның айтуынша, әдiстемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтiң мөлшерi екi компоненттен тұрады, олар:

- мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын (МЖМБС) iске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан iске қосылатын жекеменшiк мектептер үшiн ағымдағы жылға норматив орта есеппен 470 мың теңгенi құрайды;

- жылына жаңадан енгiзiлген әрбiр оқушы орны үшiн ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

              • құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК (280 мың теңге);

              • реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК (137  мың теңге).

«Сонымен қатар инвестордың баланың мектепте болуына жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшiн ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлемдер мерзiмi өткеннен кейiн объект құрылыс салушының меншiгiнде қалады. Жалғыз шарт 20 жыл мерзiмге объектiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тiркеу болмақ. Қаражат тартуға қатысты айта кету керек, қазiргi уақытта «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры арқылы 9%-пен студенттiк жатақханаларды салу және реконструкциялау бойынша банктiк қарыздарды субсидиялау тетiгi iске қосылды. Жобаларға қатысу шарттарына қатысты», - дедi ол.

Сонымен қоса, ол тұлғада капитал не қарыз қаражатын тартуға мүмкiндiк, сондай-ақ жер учаскесi болу қажеттiгiн ескертiп өттi.

Жер учаскесi болмаған жағдайда оны алудың бiрқатар амалдары бар:

1)      мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тетiгi арқылы;

2)      өңiрлердiң әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларымен бiрлесiп, жобаға бастамашылық жасау;

3)      жобаның басқа қатысушыларымен консорциум құру арқылы ресурстарды бiрiктiру;

4)      жергiлiктi атқарушы орган арқылы жер учаскесiн заттай грант түрiнде алу.       

«ҰБДҚ деректерi бойынша республикада 101 681 орынға арналған 271 жекеменшiк орта бiлiм беру ұйымдары жұмыс iстейдi. 2021 жылы 7 960 оқушыға арналған 24 жекеменшiк мектеп ашылды. 2021 жылы 39 306 орындық 62 жекеменшiк мектеп ашу жоспарлануда», - дедi ол.

«AQYL» мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi

Қазақстанда 2013 жылдан берi Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi (МБЖЖ)  жұмыс iстейдi. МБЖЖ - бұл республикамыздың кез келген азаматы үшiн өзiне немесе баласының атына бiлiм беру жинақтау салымын ашу мүмкiндiгi.

«МБЖЖ-ның басты артықшылығы – салымдарға 9%-ке дейiнгi банк сыйақысынан бөлек мемлекеттен сыйлықақы есептеледi. Мемлекет сыйлықақысының мөлшерi - жылдық 5%, әлеуметтiк әлсiз санаттағыларға - 7%. Депозиттiң қатаң нысаналы мақсаты бар, ол: жинақталған қаражат ҚР-да, сондай-ақ шетелде оқу ақысын төлеуге жұмсалуы тиiс», - дедi ол.

Салымшы жүйеге қатысушы банктен балаға немесе өзiнiң атына бiлiм беру салымын ашып, жинақтаудың ықтимал мерзiмiн, жинақтардың болжамды сомасын және жарналардың жиiлiлiгiн өз бетiнше белгiлейдi. Демек, оның айтуынша, бұл – салымшы депозиттi өзiне ыңғайлы уақытта және өзiне қолжетiмдi кез келген сомада толтыра алады деген сөз. Бiлiм беру депозитiне ақша салушылардың шеңберi шектелмеген, яғни кез келген қалада, депозит ашылған банктiң кез келген бөлiмшесiнде кез келген үшiншi тұлға оны толтыра алады.

«Қазiргi уақытта бiлiм беру депозитiн ашуға болатын МБЖЖ-ға қатысушы банктер: «Қазақстан Халық банкi» АҚ, сыйақы мөлшерлемесi – 9%, «Jysan Bank» АҚ, сыйақы мөлшерлемесi – 8.3%, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, сыйақы мөлшерлемесi – 8.8%, «Нұрбанк» АҚ, сыйақы мөлшерлемесi – 9%», - дедi ол.

ЖОО-ға немесе колледжге ақылы негiзде түскеннен кейiн салымшы депозит ашылған банкке ЖОО-мен жасалған шартты ұсынады, банк оқу ақысын салымшының шотынан тiкелей бiлiм беру ұйымына аударады. Егер оқудың барлық мерзiмiне оқу ақысы төлегеннен кейiн депозитте қаражат қалса, салымшы оларға өз қалауынша иелiк етуге құқылы (грантқа оқуға түскен жағдайдағыдай).

Бала грантқа оқуға түскен жағдайда салымшы:

1) қаражат жинауды жалғастыруға;

2) қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшiншi тұлғаның бiлiм беру салымына аударуға;

3) бiлiмнiң басқа деңгейлерiн алуға (магистратура) ақы төлеу үшiн пайдалануға;

4) барлық қаражатты банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бiрге алуға құқылы.

«Аталмыш салым Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қорымен сақтандырылған (10 000 000 теңгеге дейiн шектелген) және мемлекеттiк органдар тарапынан кез келген тыйым салулар мен шектеулерден заңнамамен қорғалған. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi (МБЖЖ) бойынша қолданыстағы салымдардың жалпы саны 22,3 млрд.теңге сомасына 16 048 құрайды», - дедi Асқар Ибраимов.

Бiлiм беру кредиттерiне кепiлдiк беру (БКК)

Мекеме басшысының мәлiметiнше, Қазақстанның колледждерi мен ЖОО-ларында бiлiм алуға қолжетiмдiлiктi кеңейту мақсатында талапкерлер мен студенттер негiзгi қарыз сомасын төлеу мерзiмiн кейiнге шегере отырып, кепiлсiз студенттiк кредиттер ала алады. Кредиттiң жалпы мерзiмi 10 жылға дейiн. Кредиттер бойынша кепiлзаттық қамтамасыз ету ретiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы Қаржы орталығының кепiлдiгi жүредi.

БКК-нiң артықшылықтары:

- жеңiлдiктi кезең (кейiнге қалдыру): негiзгi қарыз сомасын өтеу оқу мерзiмi аяқталғаннан кейiн және оқуды бiтiргеннен кейiн 6 айдан соң жүргiзiледi;

- несие мерзiмiнiң ұзақтығы: 10 жылға дейiн берiледi, айыппұл санкцияларынсыз мерзiмiнен бұрын өтеу мүмкiндiгi бар;

- кредиттiң бүкiл Қазақстан бойынша қолжетiмдiлiгi;

- кредит сомасы бойынша шектеулердiң болмауы (бiрақ оқу құнынан аспайды);

- оқу орнын таңдау бойынша шектеулердiң болмауы;

«Қазiргi уақытта БКК-ге қатысушы банк «Нұрбанк» АҚ болып табылады. Бiлiм беру кредитi бойынша пайыздық мөлшерлеме 20% - ды құрайды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк бiлiм беру кредитi бойынша 1,98 млрд.теңге сомасына 7 287 кепiлдiк берiлдi», - дедi ол.

Әлеуметтiк студенттiк кредиттер

2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылу рәсiмiнде Тұңғыш Президенттiң сөзiне арқау болған тақырыптардың бiрi - волонтерлiк қызметпен айналысатын жоғары оқу орындарының студенттерiне стипендия мөлшерiн арттыру мәселесi болды. Әзiрленген тетiк, оның айтуынша, балалар үйлерiнде, арнайы мектептерде, Жастарға қызмет көрсету орталықтарында, Оқушылар сарайларында, қарттар үйлерiнде, емханаларда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында, мектептер мен колледждерде әлеуметтiк бағытталған, қоғамға пайдалы қызметтi жүзеге асыратын студенттер үшiн көтермелеудiң бiр түрi болмақ.

Көтермелеу әлеуметтiк студенттiк кредиттер түрiнде ұсынылады:

1) 20 сағат қызмет еткенi үшiн студенттерге бiлiм беру ұйымы айқындаған екi академиялық кредиттi (сағаттарды) есепке алуға  және 20 000 теңге мөлшерiнде бiржолғы ақшалай төлем алуға мүмкiндiк беретiн ваучер түрiнде Кредит ұсынылады;

2) 50 сағат қызмет еткенi үшiн студенттерге бiлiм беру ұйымы айқындаған бес академиялық кредиттi (сағаттарды) есепке алуға  және 50 000 теңге мөлшерiнде бiржолғы ақшалай төлем алуға мүмкiндiк беретiн ваучер түрiнде Кредит ұсынылады.

Оның сөзiнше, несиелер инклюзивтi бiлiм беру, репетиторлық (тiлдер, компьютерлiк сауаттылық), аула және спорт клубтарын ұйымдастыру, балалармен, қарттармен және мүгедектермен әлеуметтiк жұмыс бойынша берiледi

Толық ақпаратпен бiздiң ресми сайтта танысуға болады – fincenter.kz

Барлық жаңалықтар