• Басты
  • Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр

Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр

29 Маусым, 2021 10:58

Бүгін үкімет отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетов мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев білім беру нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі қамтамасыз мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтты. Олардың айтуынша, объектiлерді бейнебақылау жүйелерiмен қамтамасыз ету, дабыл түймелерін орнату, арнайы күзетпен қамту және балаларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру күн тәртібіндегі мәселе болып отыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Министр бiлiм беру нысандарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мемлекет басшысының берген тапсырмасының аясында кешендi жұмыс ұйымдастырылып жатқанын атап өттi. Оның сөзiнше, халықаралық тәжiрбие, соның iшiнде Қазан қаласында болған оқиғаның салдары да зерделенген.

«Бұл талдау Қазан қаласының мектебiнде оқушылар мен мұғалiмдердiң осындай қауыптi жағдайда қажеттi iс-әрекеттердi бiлуiнiң арқасында, дабыл түймелерiмен, арнайы күзетпен қамтамасыз етiлгенiнiң арқасында залал минималды деңгейде болғанын көрсетедi», - дедi Асхат Аймағамбетов.

Ол халықаралық тәжiрибе де бейне камералармен, дабыл түймелермен қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға қарсы әрекет етудiң нақты алгоритмiн енгiзу, арнауы күзет және педагогтер мен оқушыларды даярлау қажеттiлiгiн көрсететiнiн атап өттi. Осы орайда өткен оқиғалардың талдауларына және халықаралық стандарттарға сүйене отырып арнайы нормативтiк құжаттар қабылданған. Оның сөзiнше, соның iшiнде, терроризмге қарсы тұру үшiн қойылатын талаптар, бiлiм беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерiмен жарақтандыру стандарттары және бiлiм беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тiзбесi сиақты талаптар бекiтiлген.

Осы орайда, қауiпсiз орта қалыптастыру үшiн бiрқатар мiндеттердi орындау көзделiп отыр:

1.     Барлық бейнебақылау камераларын бекiтiлген талаптар мен стандарттарға сәйкестендiру. Қалаларда орналасқан мектептердiң бейнекамераларын жедел басқару орталықтарына қосу

2.     Барлық бiлiм беру ұйымдарын дабыл түймелерiмен қамтамасыз ету;

3.     Қала мектептерiн арнайы күзетпен қамтамасыз ету;

4.     Педагогтерге және оқушылырға төтенше жағдайлар мен террористiк қауiп төнген жағдайда қабылданатын шаралар мен алгоритмдерiн енгiзу;

5.     Психологиялық қызметтердiң рөлi мен жалпы тәрбие жұмысын күшейту.

«Осы мiндеттердiң оңiрлерде жүзеге асырылу қарқыны бойынша талдау жасалды», - дедi министр.

Бiлiм беру объектiлерiн бейнебақылау жүйелерiмен қамтамасыз ету

Министрлiктiң мәлiметiнше, қазiр елiмiздiң барлық мектептерi бейнебақылау камералармен 100% қамтамасыз етiлген. Дегенмен, Бiлiм және ғылым және Iшкi iстер министрлiктерiнiң бiрлесiп жүргiзген мониторингi осы камералардың 55%-ы ғана талаптарға сай екенiң көрсеткен.   

Дабыл түймелерiн орнату

«Бiлiм беру ұйымдарында дабыл түймелерiн орнату жұмыстары жүзеге асуда. Бүгiнгi таңда олардың саны 648-дi (9,3%) құрайды. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл мәселе толығымен шешiлдi», - дедi министр.

Министрдiң айтуынша, проблеманы шешу үшiн жергiлiктi бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бiрақ, бұл әлi де жеткiлiксiз. Сонымен қоса, Түркiстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат толық қарастырылмағанын атап өттi.

Арнайы күзетпен қамту бойынша

Сонымен бiрге, Асхат Аймағамбетов қалаларда орналасқан бiлiм беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамту қажеттiгiн атап өттi. Оның мәлiметiнше, мамандандырылған күзет қызметi бүгiнгi күнi қала мектептерiнiң 38%-ында енгiзiлген.

«Жергiлiктi атқарушы органдар қосымша 828 млн теңге мөлшерiнде сома бөлдi. Бiрақ әлi де қосымша қаржы бөлу керек екенiң слайдтағы кестеден көруге болады. Қаражат 8 өңiрде жеткiлiксiз, атап айтқанда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркiстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында», - дедi министр.

Сонымен қоса, ол бұл бiлiм беру ұйымдары болғаннан кейiн, қүзет әр жыл сайын ауыса бермеуi үшiн арнайы күзет қызметiмен қол қойылатын келiсiм шарттарын кем дегенде 1 жылдан 3 жылға дейiн ұзарту мүмкiндiгiн Қаржы министiрлiгiнен қарастыруды сұрады.

Балаларды тегiн тасымалдауды ұйымдастыру

Балалардың қауiпсiздiгi тегiн тасымалдауды ұйымдастыру арқылы да қамтамасыз етiлетiнiн еске салды. Министрлiктiң мәлiметiнше, республикада тасымалдау ұйымдастыруды 21 мың астам оқушы қажет етедi. Олар үшiн 758 автокөлiк жұмыс iстейдi. 

«Соңғы үш жылда автобус паркi 203 бiрлiкке жаңартылды. Бүгiнгi таңда автокөлiк сатып алу қажеттiлiгi 515 бiрлiктi құрайды. Бұл мәселенi шешу үшiн Мектептердi автобустармен қамтамасыз ету жөнiндегi жол картасы қабылданды. Аймақтарды сапалы орындалуын қамтамасыз етудi сұраймын», - дедi министр.

Психологтардың әлеуетiн арттыру

Сонымен бiрге, министр қазiргi кезде психологтердiң әлеуетiн арттыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлiп жатқанын атап өттi. Министрлiктiң мәлiметiнше, 7652 педагог-психолог күн сайын қиын өмiрлiк жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетедi.

«2019 жылғы 1 қаңтардан психолог-педагог санаты 3-блоктан 2-блокқа көтерiлдi, соның арқасында жалақылары қөбейдi. 2019 жылдан бастап педагог-психологтерге бiлiктiлiгi үшiн қосымша 30%-дан - 50%-ға дейiн ақы алу мүмкiншiлiгi берiлдi», - дедi министр.

Оның сөзiнше, ендi әлемдiк тәжiрибе бойынша оқушыларды психологиялық қолдаудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн, қосымша штаттық бiрлiктер қажет. Осы мәселе де шешiмдi қажет етедi.

Балалардың қауiпсiздiгiн тиiстi деңгейде қамтамасыз ету үшiн мынадай шараларды қабылдау қажет:

-        психологиялық қызметтердiң жұмысын күшейту үшiн бiрыңғай талаптарды енгiзу;

-        тәрбие жұмысы бағыты бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара iс-қимылының жаңа форматын енгiзу

-        жалпы тәрбие жұмысының құндылыққа бағытталған компонентiн күшейту.

-        бiлiм беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерiмен, лицензияланған күзетпен, дабыл түймелерiмен, жедел басқару орталықтарына шығарумен 100% жарақтандыру.

-        педагогикалық қызметкерлер мен оқушыларды төтенше жағдайлар, террористiк қауiп кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша оқытуды ұйымдастыру.

-        бiлiм беру ұйымдарында штаттан тыс жағдайлар бойынша жыл сайынғы оқу-жаттығулар өткiзу.

-        төтенше жағдайлар, террористiк қауiп кезiнде оқушылар мен мектеп қызметкерлерiнiң iс-қимыл алгоритмiн жаппай енгiзу.

«Бiлiм беру ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бекiтiлген талаптарды орындап, бюджеттен қосымша қаржы бөлiп, қысқа мерзiмде осы жұмысты ұйымдастыру керек», - деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.
Террористік тұрғыдан осал санатта 8,8 мыңнан астам білім беру объектісі бар

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде террористік тұрғыдан осал санатына жатқызылған 8,8 мыңнан астам білім беру объектісі бар. Олардың 57%-ы мектептер екені анықталған. Өткен айда барлық жалпы білім беретін мектептерге жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталған.

«ІІМ террористік тұрғыдан осал нысандарды үнемі бақылауда ұстайды. Өткен жылы олардың 3,5 мыңы тексеріліп, олардың 650-інде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды.Татарстандағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, өткен айда барлық жалпы білім беретін мектептерге жоспардан тыс тексерулер жүргізідік», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Анықталған кемшіліктер:

- Мектептердің 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталса да, 45%-ы бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді;

- Жұмыс істемейтін бейнекамералардың болуы, ақпараттың қысқа мерзімде ғана сақталуы, болмауы, яғни қандай да бір ауданда жарық сөнген кезде іс жүзінде барлық бейнебақылау жүйесі өшірілетіні анықталды;

- Мұндай кемшіліктердің басым бөлігі Қарағанды облысында анықталған, онда 505 мектептің 84%-ы тиісті видео бақылау жүйесімен жабдықталмаған.

- Түркістан облысында да 889 мектептің 69,7%-ы бейнебақылау жүйесінің техникалық параметрлеріне сәйкес келмейді;

- Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарындағы мектептер сигнал беру жүйелерімен жабдықталмаған.

Оның айтуынша, бейнебақылау жүйелері барлық жерде жедел басқару орталықтарымен біріктірілмеген. Оларға тек 1085 мектеп қосылған. Жергілікті жерлерде мектептерді шұғыл дыбыстық және сигналдық хабарлау жүйелерімен жарақтандыру мәселелері де жеткілікті деңгейде шешілмеген.

«Мұндай жүйелер қауіпті немесе дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде, балаларды эвакуациялау немесе ішкі бөлмелерге бөгде адамдардың кіруіне тосқауыл қою үшін дереу дабыл беру қажет болған кезде қажет. Барлық жерде «дабыл түймелерін» енгізу қажет», - деді Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, кез келген қауіп-қатер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пульттеріне жедел дабыл сигналын беруге мүмкіндік береді. Бейнебақылау камераларының тиімділігін арттыру үшін оларды кіру топтарында, ішінде де, сыртында да, ғимараттардың барлық қабаттарында болуы тиіс екенін атап өтті.

ІІМ-нің хабарлауынш, олар мектеп ғимараттарына арнайы электронды карталар арқылы кіруге, сондай-ақ баланың мектепке кіруі және шығуы туралы ата-аналарды СМС арқылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазір мұндай жүйелер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бірқатар мектептерінде жұмыс істеуде.

Жеке күзет ұйымдарына талап күшейтіледі

Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі мектептерді күзету үшін лицензияланған күзет ұйымдары тартылады.

Министрдің дерегінше, бүгінде олар ел бойынша мектептердің 9% - ын күзетеді. Қалалық білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш 38%-ды құрайды. Білікті күзетпен қамтамасыз етілген мектептердің басым бөлігі Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында , Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бар екені анықталған.

«Түркістан облысында бұл мәселелер әлі шешілмеген, Алматы облысында бір мектеп, Қызылорда облысында - 5 мектеп күзетілуде. Мектептерде жоғары білікті күзет пен сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біз наурыз айында жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейтеміз», - деді ол.

Теракт кезінде мектеп оқушылары мен мұғалімдер әрекеті

Сонымен қатар, ол қазақстандық мұғалімдер мен оқушылар теракт жағдайында өздерін қалай ұстау қажет екенін айтып берді. Қазандағы оқиғаларды талдауда анықталғандай, егер мұғалімдер мен балалар кризистік жағдайда әрекет ету алгоритмдерін білмесе, онда құрбан саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

«Дабылдың болуы, сыныпта есіктерді құлыптау жүйесі, сондай-ақ, балалардың қабырға периметрі бойынша орналасуы және олардың толық тыныштықты сақтауы ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесті. Бұл тәжірибені балаларымыз бен мектеп қызметкерлерін ТЖ туындаған кездегі іс-қимыл тактикасына оқыту кезінде ескеру қажет», - деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, ұсынылған шаралардың ішінде білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, мектептерді күзетуге жеке күзет қызметкерлерін тарту қарастырылуда.

Сондай-ақ, дағдарыстық жағдайлар туындаған және қауіп төнген кезде қызметкерлер мен оқушылардың іс-қимылдарының арнайы алгоритмі әзірленген.

Мектептерде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

➢ Бірінші. Қысқа мерзімде олардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

➢ Екінші. Білім беру ұйымдарын тиісті қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету.

➢ Үшінші. Мектептерді күзетуге тиісті лицензияланған жеке күзет құрылымдарын кеңінен тарту.

➢ Төртінші. Қауіп-қатер мен дағдарыс жағдайында қызметкерлер мен студенттердің іс-қимыл алгоритмін енгізуді жеделдету. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге тұрақты арнайы дайындығын ұйымдастыру

➢ Бесінші. Мектептерді қорғауды күшейтумен қатар, осыған ұқсас талаптарды әзірлеу және оларды балабақшаларда, колледждерде, ЖОО-ларда іске асыруды қамтамасыз ету.

 «Қорғау шараларын тек мектептерде ғана емес, балабақшаларда, колледждерде, ЖОО-ларда да күшейту қажет. Аталған шараларды іске асыру білім беру объектілерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп қорытындылады министр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп мектептерді балаларды тасымалдауға арналған автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жол картасын бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып өтті. Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда мектептер 515 автобуспен қамтылады, оның ішінде 20 орындық 347 автобус және 40 орындық 168 автобус.

Автобустар тораптардың қауіпсіздігін интеллектуалды әрі автоматты түрде тексерумен, салонда балаларды тастап кетудің алдын алу жүйесімен, қосымша қауіпсіздік белдіктері бар балалар креслоларымен, жолаушылар салонының артқы жағындағы бір рет басу арқылы ашылатын апаттық есікпен және санитарлық-эпидемиологиялық қондырғымен жабдықталған. Олар тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қажеттіліктеріне де бейімделген. Автобустарды дайындауға үш қазақстандық зауыт қатысты: «QazTechna», «DaewooBusKazakhstan» және «HyundaiTransAuto».

Көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар айқындалды:

➢ 4 нүктелі қауіпсіздік белдіктері бар балаларға арналған орындықтар;

➢ балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесі;

➢ авариялық шығу салонның артқы бөлігінде ашылатын бір басу;

➢ санитарлық-эпидемиологиялық қондырғы;                                          

Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету үшін тек отандық кәсіпорындар тартылатын болады:

Бірінші, "QazTechna" ЖШС Yutong маркалы автобустармен 20 орындық 287 бірлік;

Екінші, "DaewooBusKazakhstan" ЖШС 60 бірлік көлемінде 20 орындық ПАЗ маркалы автобустарымен;

Үшінші, ЖШС" HyundaiTransAuto " маркалы автобустарымен Golden Dragon 40 орындық саны 168 бірлік.

Министрдің мәліметінше, өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы автобустарды лизингке сатып алу үшін тиісті қаражат ағымдағы жылы 22 млрд теңге көлемінде көзделген.

«Жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне жүктемені төмендету үшін автобустарды лизингтік қаржыландыру шарттарына аванстық төлемді 15% - дан 0% - ға дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Барлық жаңалықтар