- Басты
- Жаңалықтар
- Бейжіңнен тағы да 217 Қазақстан азаматы эвакуацияланды - Е.Біртанов
Бейжіңнен тағы да 217 Қазақстан азаматы эвакуацияланды - Е.Біртанов
Қытай астанасы Бейжің қаласынан тағы да 217 Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қытай мен Қазақстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Сонымен қатар қабылданған шараларды жүзеге асыру үшін үкіметтің резервінен қосымша қаржы бөлінген.
"Бүгiн сағат 6:05- те Бейжің қаласынан 217 Қазақстан республикасының азаматы жеткiзiлдi. Олардың бәрі қазiргi күнi арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Олардың арасында да науқас адамдар тiркелген жоқ. Бұған дейiн айта кету керек, 1 ақпанда санавиация арқылы Ухан қаласынан 83 қазақстандық, сондай-ақ 18 Қырғызстан республикасының, 5 Беларусь және 1 Армян республикасының азаматы эвакуацияланды. Олардың арасынан да короновирус инфекциясы тіркелген жоқ", - дедi министр.
Айта кету керек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үкiметке Қазақстан аумағында короновирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 27 қаңтарында премьер-министр орынбасарының төрағалығымен ҚР короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын жол бермеу жұмыстарын үйлестiру жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның құрамында барлық мүдделi мемлекеттік органдар мен елорда, Алматы, Шымкент қалаларының әкiмдiктерi кiрдi. Сөйтiп алдын алудың жоспары бекiтiлдi", - деп атап өттi министр.
Сонымен қатар министр аурудың таралуын алдын алу үшін қабылданған шараларға тоқталып өтті.
"2020 жылдан бастап 6 қаңтарда бас медициналық санитариялық дәрiгерiнiң Қазақстан-Қытай арасындағы мемлекеттiк шекараның барлық өткiзу пункттерде күшейтілген санитарлық эпидемиологиялық бақылау туралы қаулысы жарияланды. Қытайдан келген барлық азаматтарға тұрғылықты жерi бойынша мониторинг ұйымдастырылды. Медициналық ұйымдардың науқас және ауруға күдiктi адамдарды қабылдауына дайындық ретінде қосымша 4,500 төсек-орын ашылды. Жеке қорғаныс құралдарының профилактикалық және емдеу заттарының қажетті резерв қоры құрылды", - деді Елжан Бiртанов.
Сондай-ақ министр елiмiзге короновирустың әкелiнуi мен таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттiк шекаралық пункттерде барлығы 260 мың адам бақылаудан өткенін атап өтті.
"Қазақстанға короновирустың әкелiнуi мен таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттiк шекаралық пункттерде 6 қаңтардан бастап барлығы 260 мың адам, оның ішінде Қытайдан 30 850 адам қаралды. Жедел респираторлық вирустық симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылып, қазiргi таңда 13-i емделіп шықты, ал 27 науқас стационарда ем алуда, емдеуге жатқызылған науқастардың арасында ешқандай короновирустық инфекция табылған жоқ", - деді министр.
Оның айтуынша, 2020 жылдың 31 қаңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы короновирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты 31 қаңтардан Денсаулық сақтау министрлiгi елiмiздiң барлық шекарасында санитариялық эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы бұйрықты қабылдағанын атап өттi.
Бұдан бөлек Денсаулық сақтау министрі короновирус инфекциясының әлемдегі және Қытайдағы жағдайына тоқталып өтті.
"Қазіргі таңда Қытай Халық республикасының барлық провинциясында 42 638 науқас тіркелді. Оның ішінде 1016 адам короновирус инфекциясынан қайтыс болды. Бүгінгі күні 3996 науқас емделіп шықты. Хубей провинциясының 16 қаласына карантин енгізілді. Әлемнің 27 елінде 448 адамда короновирус инфекциясының бары расталды. Қытайдағы короновирустың таралуы 31 қаңтардан 9 ақпан аралығында 22 пайыздан 6,1 пайызға төменеді. Ал басқа елдердегі аталмыш вирустың таралуы 3,8 пайыз бен 27 пайыз аралығында", - деді Елжан Біртанов.
Назерке Сүйіндік
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады