• Басты
  • Бейжіңге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді
23 Қаңтар, 2020 10:56

Бейжіңге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді

ҚХР астанасы Бейжіңдегі «Синьфади» ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрме орталығында жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары сапалы мұздатылған өнімінің бірінші партиясын жеткізуге арналған ресми шара өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бейжіңге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді

Салтанатты рәсімге Қытай Министрлер Кабинетінің, Бейжің қалалық Үкіметінің, сондай-ақ ҚР СІМ мен ҚР АШМ өкілдері қатысты. 

Бұл оқиға Қазақстан мен Қытайдың ветеринариялық қызметтерінің үлкен және үйлесімді жұмысы болды. 2018 жылғы 7 маусымда Пекинде қазақстандық сиыр етін экспорттау үшін нарықты ашу бойынша табысты келіссөздер нәтижесінде хаттамаға қол қойылды. 2019 жылдың сәуірінде Ветеринарлық сертификат келісіліп, ал келесі айда ҚХР Бас кеден басқармасы төрт қазақстандық кәсіпорынды сиыр етін Қытайға экспорттау құқығы бар тізімге енгізді. Қытай нарығына өнім экспорттау мүмкіндігі ашылғаннан бері қазақстандық компаниялар 4,5 мың тоннаға жуық сиыр етін жеткізді.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін Қытайға экспорттауға құқығы бар қазақстандық кәсіпорындардың тізімін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды