• Басты
  • Бейсен Құранбек атындағы жастар арасында «Жігер» сыйлығы жарияланды
22 Мамыр, 2020 16:19

Бейсен Құранбек атындағы жастар арасында «Жігер» сыйлығы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы жастар арасындағы «Жігер» сыйлығын жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейсен Құранбек атындағы жастар арасында «Жігер» сыйлығы жарияланды

Мақсаты - Бұқаралық ақпарат  құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.


Ұйымдастыру комитеті: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі.
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.
«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз.

Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
@aqparatqogam

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды