• Басты
  • Бердібек Сапарбаев: Жүзеге асырылып жатқан жобалар қордайлықтардың тұрмысын жақсарта түсу керек
15 Мамыр, 2020 15:07

Бердібек Сапарбаев: Жүзеге асырылып жатқан жобалар қордайлықтардың тұрмысын жақсарта түсу керек

Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы екі күнге жоспарланған жұмыс сапары барысында аталған жобалардың сапалы орындалуы, қордайлықтардың қоғамдық-саяси ахуалы және  көңіл-күйлері  басты назарға алынды, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Бердібек Сапарбаев: Жүзеге асырылып жатқан жобалар қордайлықтардың тұрмысын жақсарта түсу керек

Аты аңызға айналған халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туған жері  Кенен ауылы табиғаты тамаша, мәуелі мекен десек артық айтпаймыз.  Аудан басшылығы оны облыстың ең үздік ауылдық елді мекені байқауына қатыстыруды жоспарлауда. Дегенмен ауылдықтардың көтерер мәселесі де жоқ емес. Соның бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл түйткілді оңынан шешу үшін 132 миллион теңгеге 16 шақырымдық су құбыры тартылуда екен. Оның ішінде үш шақырым сыртқы су өткізгіш және 13 шақырым ішкі желілерді құрайды. Қазіргі уақытта тоғыз шақырым бойынша құбыр тарту жұмыстары аяқталған.            

Ауылдағы жанұялық дәрігерлік амбулаторияда 20 келушіге бір дәрігер және сегіз медбике қызмет көрсетеді. Жастардың жақын орналасқан Алматы қаласына көптеп кетуіне байланысты Кененде   туу көрсеткіші төмендеуде. Сол сияқты  600 орындық Е.Қашағанов атындағы №42 мектепте бүгінде тек  509 оқушы білім алуда. Оқу ордасы жаңа,  2014 жылы пайдалануға берілген.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектепің екі түлегі «Алтын белгіге» ие болса, биыл төрт біруші үміткер атануда. Аймақ басшысы кабинеттерді аралап, 100 орындық асхана,  28 ноутбук және жоғары интернетпен қамтылған кітапханамен танысты. Мектеп жақсы, бірақ ішкі безендіруге назар аудару керек.

– Балалардың бойына  ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтар негізін сіңіріп, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе, Кенендей ұлы тұлға туған ауылда бұған айрықша ден қоя білген дұрыс, – деп атап өтті  Бердібек Сапарбаев.

Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқанын, көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстары жалғастырылатынын атап өтті. Бес ауыл газдандырылып, шағын су қоймалары салынбақ. Аймақ басшысы көпшіліктің әйгілі Аңырақай шайқасының орнына мемориалдық кешен салу туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Ол сондай-ақ кенендіктерді мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға, бастамашылық пен іскерлік танытуға шақырды.

Аймақ басшысы биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми-зерттеу институтына да арнайы ат басын бұрды. Коронавирус пандемиясымен күрестің қазіргі жағдайында стратегиялық режімдік объектінің жұмысы ерекше маңызға ие. Ғалымдар денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы түрлі инфекциялармен күреске зор үлес қосып келеді, жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 миллионнан астам екпені жеткізеді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен, Халықаралық Вена университетімен және басқа да беделді ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зерттеу институты шетелдік аналогтармен салыстырғанда үш есе арзан болатын нодулярлық дерматитке қарсы вакцинаны әзірледі. Оны енгізу нәтижесінде республикалық бюджеттің үнемделуі екі миллиард теңгені құрады. Институт өз өнімдерін өнеркәсіптік ауқымда өндірсе, көп пайда әкелетін еді, сондықтан жылына вакциналардың 60 миллион дозасына дейін қуаттылығымен иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт салу қажеттілігі туындауда. Аталған жоба құны 3,5 миллиард теңге. Жаңа өндірісті іске қосу үшін қажетті жоғары білікті кадрлар, микроорганизмдердің қауіпті және аса қауіпті штаммдарының бірегей коллекциясы, ғылыми инфрақұрылым, зияткерлік меншік секілді жағдайлар жеткілікті. Сонымен қатар, ғалымдар бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындаумен айналысуда.

– Қазақстан Президентінің осындай ғылыми орталықтарды қолдау туралы тапсырмасы бар. Соңғы оқиғалар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесін ғана емес, олардың қаншалықты маңызды екенін де көрсетті. Сіздердің жұмыстарыңыз ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады, кез келген уақытта туындауы мүмкін әртүрлі пандемия зардаптарын азайтады. Әлем жаһандануда және қысқаруда, адамдар аурудың ешкімді аямайтынын түсінді. Бұл жағдайда Қазақстан жаһандық сын-қатерлерге жедел жауап бере алатын өзіндік ғылыми орталықтардың жүйесін құруға тиіс. Облыстық билік зауыттың құрылысына міндетті түрде қолдау көрсетеді. Мәселе мұқият, юан-жақты пысықтауды талап етеді, бірақ ол міндетті түрде оң шешімін табады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Отар ауылындағы №41 мектепке барған облыс әкімі 1979 жылдан бері жөндеу көрмеген білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесуге уәде берді. Бердібек Сапарбаев бес мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың өз Мәдениет үйінің жоқтығына қынжылыс танытты.

«Біз міндетті түрде мұнда Мәдениет үйін салу керекпіз», – деді аймақ басшысы.

Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жолдарды жөндеуге және салуға жергілікті бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 352 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек екен. Кейбір орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, Мұзбел ауылына кіре берістегі жолдың екі километрлік бөлігі пайдалануға беріліп үлгерілген.

Облыс әкімі тапсырыс берушіден, аудандық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тиісті зертханаларды тарта отырып, асфальт сапасын мұқият тексеруді талап етті. Тек содан кейін ғана нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.

«Ең бастысы – бұл сапа, жол тұрғындарға тек бір жыл ғана қызмет көрсетумен шектелмейді», – деді аймақ басшысы. Ол сонымен қатар бұл туралы жобалық құны 197 миллион теңгені құрайтын Алға-Көкадыр  автожолының тоғыз шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «АрсикоСтройИнвест» ЖШС-не де ескертті.

Өңір басшысы сонымен қатар   тәулігіне 1000 тоннаға дейін құрылыс материалдарын шығаратын жақын маңдағы кәсіпорын бетондыасфальт зауытында да болды. Өндіріс орны тапсырыс болса бұдан да көп өнім мөлшерін беруге қауқарлы.  Жылына 1500 тонна гранит шығаруға қуатты «Техногранит-KZ» ЖШС-де  де тапсырыс  бойынша қиындықтар кездесуде. Сондай-ақ, компанияда заманауи қондырғылармен  жұмыс істей алатын білікті мамандар тапшы.

Бердібек Сапарбаев Қалғұты ауылында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатқанын қатты сынға алды. Жұмыстың бар-жоғы 21 пайызы ғана аяқталған. Құрылыс белгіленген мерзімде тапсырылуы керек.   Бердібек Сапарбаев мектеп құрылысының жаңа  оқу жылының басында дайын болуын қатаң талап етіп,  құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілу керектігін ескертті. Балалар ыңғайлы, заманауи және сапалы білім ошағында оқуы керек.

Сондай-ақ, Әлжан ана ауылында "Самұрық-Қазына Траст" қорының қаражаты есебінен жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының жобасымен танысты.

Әлжан ана ауылындағы №23 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған 40 адам тартылған. Бердібек Сапарбаев мектеп ғимаратын жөндеуде  оның тек сыртқы келбетін ғана әрлеп қоймай, жөндеу жұмыстары  балалар үшін  жағымды әсер  сыйлайтындай тартымды деңгейде атқарылуына көңіл бөліп, жас ұрпақтың онда  білімді әрі  тәрбиелі  болып жетілуінің маңыздылығын алға тартты.     

– Мемлекет тарапынан бір ғана Әлжан ана ауылының мәселелерін шешуге миллиардтан астам қаржы бөлінді. Біз бұл қаражатты тиімді және ең бастысы жергілікті тұрғындардың игілігі үшін пайдалануымыз керек. Қаржы қарастырылды, ендігі басты мәселе - оны қалай дұрыс жұмсау жайы. Бұл біріншіден, жоспарланған жобаларға мұқият қарауды қажет етеді. Екіншіден,  олар ел игілігі үшін жұмсалуы  тиіс, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қордай ауданына жұмыс сапарының екінші күнінде аймақ басшысы Масаншы, Қаракамер және Ауқатты ауылдарын аралап, ондағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен, жол инфрақұрылымымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізетін болады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды