• Басты
  • Белгісіз пневмония тарап жатыр - Нұрила Малтабарова
10 Шілде, 2020 17:59

Белгісіз пневмония тарап жатыр - Нұрила Малтабарова

 Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында белгісіз пневмонияға қатысты пікір білдірді және далада маска киіп жүру керектігін ескертті - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Белгісіз пневмония тарап жатыр - Нұрила Малтабарова
 
Өкпеге коронавирустық зақым тигізу немесе бактериалдық пневмония туралы ақпарат тарап жатыр. Бактериалдық пневмония мен вирустық пневмонияның өкпеге тигізетін әсері туралы да айтылып жүр. Оны белгісіз пневмония деп те айта алмаймыз. Шетелдік әріптестерімізбен қанша зерттеулерді қарап жатырмыз. Белгісіз пневмонияның пайда болуы туралы әңгімелер шығып жатыр. Ол бактериалдық пневмония мен вирустық пневмонияның көбейіп кетуіне қатысты бұл аурулардың айырмашылығын білмей қалуға байланысты айтылып жүр деп ойлаймын, - деді ол.

Малтабарова далада маска киіп жүрудің маңыздылығын ескертті.
Соңғы уақытта шетелдегі әріптестеріміз ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Олар вирус ауа арқылы тарайтынын дәлелдеді. Сондықтан сыртқа шыққанда маска тағып жүріңіздер, - деді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер қымыз ішіп, бал жегенде сақ болу керегін ескертті.

Қымыздың да, балдың да ағзаға пайдасы бар. Олар зиян деп айта алмаймын. Өйткені, қымыз бен бал - табиғи өнім. Қымыз иммунитетті көтереді. Бірақ, балды жеп, қымызды ішкен кезде сақ болу керек. Әсіресе, аллергиясы бар адамдар. Себебі, олар аллергияны қоздыруы мүмкін, - деп түйіндеді сөзін Нұрила Малтабарова.
Соңғы мәлеметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 54 747-ге жетті. 

Барлық жаңалықтар