• Басты
  • Баян-Өлгийде Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
11 Қыркүйек, 2019 16:59

Баян-Өлгийде Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

Баян-Өлгий аймағының Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханасында еліміздің әдебиет және мәдениет орталығы ашылды. Айта кетейік, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы орталық кітапхананың құрылғанына 70 жыл толу мерейтойы қыркүйектің 9-10 күндері өтті.
Баян-Өлгийде Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды | Strategy2050.kz

Осы мереке қарсаңында Ақтан Бабиұлы атындағы кітапханада Қазақстанның әдебиет және мәдениет орталығы ашылды

Орталықтың ашылу салтанатына аймақ әкімінің орынбасары, Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігінің өкілі Шынар Жұматаева, Ұлттық академиялық кітапхана өкілі Жарқынбек Жұмаділ, «Отандастар» қорының өкілі Талапбек Тынысбек, «Қазконтент» АҚ өкілі Асылбек Байтан және жергілікті ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері қатысты

Жаңадан ашылған орталыққа Қазақстан тарапынан белсенділер жинаған мыңнан астам кітап пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан түрлі танымдық оқу құралдары тарту етілді.

«Бұл орталық жас оқырмандарымызға қазақ халқының салт-дәстүрін, білім-білігін, өнері мен мәдениетін, ғылымы мен әдебиетін танытуда үлкен көмек болады деп ойлаймын. Осы орталықтың ашылуына ат салысып, барлығын ұйымдастырған Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігіне, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Дүниежүзі қазақтары құрылтай мен "Отандастар" қорына, сонымен қатар, осы іске ат салысқан барлық ағайынға алғыс айтамын» - дейді кітапхана басшысы Алтынгүл Дәлелқызы.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды