• Басты
  • Батыс Қазақстан облысының әкімі: Ауруханаларда төсек орнын 3 есеге көбейттік
9 Шілде, 2020 18:49

Батыс Қазақстан облысының әкімі: Ауруханаларда төсек орнын 3 есеге көбейттік

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстағы коронавирус инфекциясының таралуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының әкімі: Ауруханаларда төсек орнын 3 есеге көбейттік
Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Біз барлық шараны қолданып жатырмыз. Ауруханада науқастармен тікелей жұмыс істеп жатқан дәрігерлер күндіз-түні коронавирусқа қарсы күресіп жатыр. Сонда да жағдай күрделі, - деді облыс әкімі.

Облыс бойынша дәл қазір коронавирус дертіне шалдыққан 940 адам ем алуда. Олардың 571-і жұқпалы аурулар ауруханасында, 369-ы провизорлық ауруханада жатыр. 473 адамның жағдайы орташа дәрежеде болса, 92 адам ауыр халде.

Ауруға шалдыққандардың жалпы саны Орал қаласы бойынша 2100 адамды құрайды (61,1%). Облысымыздың Бөрлі ауданында - 223 адам, Бәйтерек ауданында - 208 адам және Ақжайық ауданында - 141 адам ауруға шалдыққан. Сондай-ақ, Ғали Есқалиев облыстағы провизорлық және инфекциялық стационарлардағы орындар туралы мағлұмат берді.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, бізде 380 орын болатын. Аурудың өсуіне байланысты біз ауруханадағы төсек-орындардың санын 3 есеге көбейтіп, 1 125 орынға жеткіздік. Жақын арада облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалардың жанынан тағы да 230 орынды даярлауды жоспарлап отырмыз, - деді аймақ басшысы.
Барлық жаңалықтар