• Басты
  • Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану – Қ.Тоқаев
24 Қаңтар, 2020 10:40

Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану – Қ.Тоқаев

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 2019 жылдың әлеуметтік –экономикалық қорытындылары шығарылмақ.  Жиында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алғашқы баяндаманы бастады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану – Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның күн тәртібін белгілеп, алғашқы баяндаманы Асқар Мамин, кейін Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев жалғастыратынын айтты.

токай.jpeg

«Алға қойған жоспарларды талқылайтын боламыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану. Бүгінгі отырыстың жұмыс тәртібін келісіп алайық. Еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары және осы жылға қойылған жоспарлар туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бандайды. Ақша-кредит саясатына қатысты Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев есеп береді. Еңбекпен қамту мәселесі жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтып береді», - деді Қ.Тоқаев.

Алғашқы баяндамашы Асқар Мамин бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Nur Otan» партиясының 28 съезінде белгілеген міндеттерді орындауға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға бағытталған тиімді жұмысты жүзеге асырғанын айтты.

«2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады. Оның 85 пайызы шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономиканың қозғаушы күштері негізінен құрылыс, сауда, байланыс, көлік салалары. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4 пайызды құрады. Оған негізінен машина жасау саласы, автокөлік өндірісі, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп үлес қосты», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, А.Мамин негізгі капиталға инвестициялар 8,5 пайызға, жеке инвестициялар 9,5 пайызға өскенін айтты.

«Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. 2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы өсті. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. 23 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. », - деді Премьер-Министр.

А.Мамин   республикалық бюджет шығыстары — 99,9%, ал жергілікті бюджеттер — 99,4% орындалғанын айтты.

«Сыртқы сауда айналымы 97 млрд. долларына дейін өсті, оның ішінде экспорт 60 млрд доллар, импорт 37 млрд долларды құрады. Бұл ретте, сыртқы сауда балансының оң сальдосы — 23 млрд доллар болып отыр», - деді ол.

Премьер-Министр  Президент  тапсырмасын орындау аясында Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының негізгі мақсаты — экономика өсімін 4,7-5 % деңгейінде қамтамасыз ету болып табылатынын жеткізді.

 «Сонымен бірге, Үкіметтің алдында:- 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейіне жеткізу, шикізаттық емес экспортты $18,6 млрд дейін жеткізу,халықтың нақты табысын 6% арттыру,шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 30 дейін ұлғайту, және 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша аса маңызды міндеттер қойылған», - деді ол.

А.Мамин Үкімет міндеттерді орындау үшін нақты жоспар құрғанын айтты.

«Сіз өз Жолдауыңызда, «Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс» деп атап өттіңіз. Сондықтан біздің жұмысымыздың басымды бағыты — тұрақты экономикалық өсім арқылы азаматтардың өмір сүру деңгейінің нақты артуын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді нәтижелі орындау үшін біздің нақты жоспарымыз бар және оған бар күш жігерімізді саламыз», - деді ол.       

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде базалық ставка, тұтынушылық және инвестициялық сұранысының кеңеюіне байланысты проинфляциялық факторлар сақталуының аясында 1  пайыз дәлізінен 9,25 пайыз деңгейінде сақталғанын айтты.

«2019 жылы қоғам тарапынан жүргізіліп отырған валюталық саясатқа және ұлттық валютаның бағамына жоғары назар аударылды. Бұл ретте өткен жыл ішінде  1 АҚШ доллары 373-390 теңге шегінде 4,5 пайыздық аралықта болды. 2019 жылы теңге  жылдың соңына қарай  1 доллар  383 теңге 60 тиынға дейін ,0 04 пайызға нығайды.Сыртқы  нарықтардағы ахуалдың тұрақсыздығына және мұнайдың бағасы  2018 жыл үшін барреліне  71,07 АҚШ долларынан, 2019 жылы  1 баррель үшін 64,02 АҚШ долдарына  дейін төмендегеніне қарамастан, жалпы халықаралық резерв өткен жылы 2,03 пайызға ұлғайып,91 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ол.

Сондай-ақ, Е.Досаев алтын валюта резервтері 29 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қор активтері 61,09  млрд АҚШ долларын құрағанын айтты.

«Көлеңкелі экономиканың көлемі одан әрі азайту маңызды тапсырма деп ойлаймыз. Соңғы жылдарың нәтижелері қолма-қол ақша төлемдері едуәір өскенін көрсетеді. Тек 2019 жылы осындай төлемдердің көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Күн сайын 37 млрд теңгеге  4 млн-нан астам транзакция жасайды. Бірақ, мұндай нәтижеден бюджет үшін нәтиже әзірге  байқалмайды. Біз Үкімет және нарыққа қатысушылармен бірлесіп, жүргізетін жұмыс қолма-қол ақшасы төлемдер нарығын дамытудың келесі әрі сапалы  түріне көшуді қамтамасыз етуді қарастырып отырмыз», - деді Е.Досаев.

Сонымен қатар, ол Ұлттық банк Елбасының Қазақстан 2050 Стратегиясын, Қ.ТОқаевтың  сайлауалды платформасы мен Жолдаудағы мақсаттарға  қол жеткізу үшін қаржылық тұрақтылыққа және елдің  ұзақмерзімді экономикалық дамуына үлес қосуына белсене қатысатынын айтты.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұрақ қойды.

«Ұлттық қорды басқарудың тиіммділігін арттыру үшін қандай іс-шаралар жүргізілуде? Сондай-ақ, Ұлттық қор активтерін ұлғайту үшін не жасалып жатыр?», - деген сұрағын қойды.

токайка.jpeg

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Ұлттық банктің 2017 жылғы стратегиялық құжаты бойынша инвестициялау саясатына өзгерістер енгізілді. Консервативтік әдістен теңдестірілген әдіске көшу қарастырлды.Акцияларды инвестициялау үлесін арттырып, дамыған елдер облигацияларына инвистиция үлесін азайттық.  Осының нәтижесінде  2019 жылы валюталық кіріс  4,2 млрд доллар кіріс түсті. Акциялар нарығы  25 пайызға артты», - деп жауап берді Е.Досаев мүдірместен.

Қ.Тоқаев Елбасының бастамасы бойынша құрылған Ұлттық қор ұқсастығы жоқ институт болып табылатынын айтты.

«Қосымша қор ашуға рұқсат берілмейді. Бұл міндет Үкіметтің де,Ұлттық қор мен  жаңадан құрылған  агенттіктің алдында да тұр. Демек, Ұлттық қор бірегей институт», - деді Қ.Тоқаев. 
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев халықтың  тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша Президенттің  берген  тапсырмаларын орындау үшін Үкімет өткен жылы  2 млн 700 мың адамның, 770 мың мұғалім мен дәрігердің, әлеуметтік,мәдениет, спорт қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға ұлғайтқанын айтты.
«Зейнетақы, жәрдемақы орта есеппен 7-20 пайызға көбейді. Бұларға берілетін қаржы былтырмен салыстырғанда 300 млрд-қа көбейіп, 3 трлн  300 млрд теңгені құрады. 555 мың азаматтың борыштық жүктемесі 1,2 млн өсімпұлы кесілді. Бұл мақсатқа  жалпы бюджеттен 149 млрд теңге жұмсалды. 315 мың отбасыға АӘК көретілді. Оның нәтижеінде  136 мың отбасы мұқтаждықтан шықты. 150 мыңы жеке шаруа қожалығын дамытты. 94 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Соның нәтижесінде 8500 отбасы өз кәсібін ашты», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев биылғы жылға қойылған мақсаттар туралы айтып өтті.

«Биылғы жылға қойылып отырған нақты міндеттердің бірі – 3-6 жастағы балаларды балабақшамен толығымен қамту.2025 жылға дейін үшауысымды және апаттық мектептердің  санын азайту. Ол үшін кем дегенде 800 мектеп салынатын болады. Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, қала мен ауылдың білім сапасының айырмашылығын азайту жөнінде қазір біз бір жобаны қолға алдық. Колледждер мен ЖОО-ларында бекітілген кәсіби стандарттарға сай болады. Елбасы  қорымен бірігіп, «Ел үмтіті» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Ондағы мақсат – қосымша дарынды балаларды қолдау. Баллаардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін бақылау индексі енгізілді. ЖОО-ларда бәсекелестікті дамыту үшін Үкіметтің арнайы тобы құрылды», - деді Б.Сапарбаев.



Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды