• Басты
  • Бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды Еуропа елдеріне саяхаттамауға шақырды
10 Наурыз, 2020 16:00

Бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды Еуропа елдеріне саяхаттамауға шақырды

Бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды Еуропа елдеріне саяхаттамауға шақырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шектеулі шараларды одан әрі күшейту туралы баспасөз маслихатында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kzтілшісі. 

Бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды Еуропа елдеріне саяхаттамауға шақырды

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, бүгінгі Қытайда жағдай біраз тұрақталған. Алайда коронавирус инфекциясының Еуропа елдерінде тез таралуы Қазақстанды алаңдатып отырғанын атап өтті. Осылайша, ол азаматтарды Еуропа елдеріне саяхаттау жоспарын кейінге қалдыруға кеңес берді.

"Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасында жағдай тұрақты. 0,02 пайызға дейін төмендеді. Бізді бүгінгі күні Еуропа елдері алаңдатып отыр. Себебі короновирус инфекциясы еуропалық мемлекеттерден шығып жатыр. Мәселен, Италия соңғы үш-төрт күн бұрын 1 "б" санатында болған. Алайда күнделікті аурудың өсуі 20 пайыздан асып тұрды, сондықтан бүгіннен бастап 1 "а" санатына кірді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша, ең қолайсыз елдердің тізіміне енгізілді. Қазір Италия Қытайдан кейін екінші орында келе жатыр, ал өлім-жітім бойынша Италия бірінші орынға шығып кетті", - деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен бірге Бас санитарлық дәрігер Денсаулық министрлігінің күн сайын инфекцияның таралуына қатысты әлем елдеріне мониторинг жүргізетінін айтты. Оның сөзінше, қазақстандық мамандар 6 критерий бойынша бағалау жүргізіп отыр. 

"Франция, Германия және Испания елдерінде де инфекциялының таралымы өсіп кетті. Осы елдерге баға беру үшін критерийлер әзірленді. Оны Асфендияров атындағы медициналық университеттің ғалымдары дайындады. Сол 6 критерий бойынша біз әр елге күн сайын баға беріп отырамыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл елдерде таралу көлемі өсіп отыр. Францияда 16 жағдай, Германияда 2 жағдай тіркелді", - деді ол. 

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин халық арасында тараған алып-қашпа әңгімелеге байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі алдын алу шараларын жүргізуді ерте бастағанының арқасында коронавирус инфекциясы елімізде таралған жоқ.

"Халық арасында шетелде, Еуропада тып-тыныш, ешкім маска киіп жүрген жоқ, бізде ғана шулатып жатыр деген сөздер айтылуда. Міне, олар ешқандай шара қолданбағанның зардабын шегіп отыр. Олар 6 қаңтардан бастап тиісті оперативтік шаралар өткізген жоқ. Енді нәтижесін көріп отыр. Біз біздің елде таралмасы үшін, алдын алу үшін осындай шаралар жүргіздік. Таралған елдерден келгендерді бақылауға алдық. Біз осы эпидемияға қарсы арнайы іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. 1 "а" санаттағы елдерден келген азаматтар міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Ал 1 "б" санаттағы мемлекеттерден келген тұлғалар, оның ішінде өзіміздің де азамттар бар, олар 14 күн бойына үйлерінде, тұрғылықты жерлерінде оқшауланады", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ ол әлемдегі жағдай күн сайын өзгеріп отырғанын, сол себепті инфекция таралған елдерге, әсіресе Еуропа елдерге бармауға, ол жақтан ешкімді Қазақстанға шақырмауға кеңес берді. 

"Ал екінші санатқа Швейцария, Ұлыбритания, Швеция және Нидерланды елдері жатады. Бұл елдерде аурудың жылдам өсуі байқалып отыр. Жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Бізді Еуропа елдері қатты алаңдатып отыр. Еуропалық елдермен қарым-қатынасымыз көп. Сол себепті Еуропаға саяхат жасауды уақытша тоқтата тұруға шақырамын. Ол жақтағы достарды, туыстарды Қазақстанға шақырудың қажеті жоқ", - деді ол.

Сонымен бірге кәсіпорын, ұйымдардың басшыларына да бірінші, екінші санаттағы елдерден келген қызметкерлерді, жұмысшыларды жұмыс орнына жолатпау керектігін атап өтті. Оның сөзінше, осылайша, басқа қызметкерлерді қорғау керек. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды