- Басты
- Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды – Ә.Смайылов
Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды – Ә.Смайылов

« Атап айтқанда, ақпанда Қытайдан әкелінетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, физикалық көлемі 27 пайызға төмендеді. Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салытқтардың көлемі 12 пайызға азайды. Жалпы, Қытайдан келетін автокөліктер саны 24 пайызға, темір жол транспорты 14 пайызға азайды. Ақпанда ЕАЭО импорт тасымалдайтын автокөліктің саны 20 пайызға азайды», - деді Ә. Смайылов.
Сонымен қатар, сыртқы нарықта бағалардың төмендеуіне қатысты мыстың бағасы - 6%-ке, алюминийдің – 5%-ке, мырыштың – 10%-ке, қорғасынның - 3%-ке төмендеуі 50%-тен астам корпоративтік табыс салығын төлемшілердің аванстық төлемдерінің азюына әсерін тигізді.
«Сонымен бірге, 18 екінші деңгейлi банктерден түсімдері 56%-ке (4 млрд.теңге) азайды.Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан қосылған құн салығы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5%-ке өсу қарқыны (52 млрд.теңге) қамтамасыз етілді.Жергілікті бюджетердің өз кірістері 174 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд.теңгені құрады.Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды», - деді ол.
Министр айтып өткендей, мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5%-ке, республикалық – 97,1%-ке, жергілікті бюджеттері 96,9%-ке атқарылды.
«Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн. 102 млрд.теңгені құрады.Бюджет қаражаты 62 млрд.теңгеге атқарылмады, оның 10 млрд.теңгесі үнемдеу болады.Ал, игерілмеу сомасы 52 млрд.теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге төмен.Жергілікті бюджеттердің шығыстары 721 млрд.теңгеге игерілді.23 млрд.теңге орындалмады.Ағымдағы жылы республикалық бюджетте жергілікті бюджеттерге 1 трлн. 499 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.Есепті кезеңде оларға 97,7 млрд.теңге бөлінді», - деді ол.
Сонымен қатар, министр алдын ала деректер бойынша жергілікті атқарушы органдармен олардың 92,3%-і игерілді, яғни 90,2 млрд.теңге екенін айтты.
«7,5 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде 2,3 млрд.теңге үнемдеу.5,2 млрд.теңге игерілмеген.Есепті кезеңде 334 аудиторлық іс-шаралар жүргізiлді.187 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.Нәтижесінде 44 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.Олардың 38 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды», - деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар, министр 2020 жылға 68 объектiні сату жоспарланғанын айтты.
«Оның 34-і сатылуға қойылды.Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд.теңгеге сатылды. 28 объекті сауда-саттыққа шығарылды. 3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді.31 объекті жылдың аяғына дейiн сатылуға шығарылады.Сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отрыған экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылатын болады», - деді министр.
Сонымен қатар, министр бірінші кезекте республикалық бюджеттiң шығыстары оңтайландырылатын болатынын айтты. Оңтайландыру бойынша бағыттар белгіленген.
«Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар. Осы бағыттар бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізілді.Мемлекеттік органдар мен өңірлердің, квазимемлекеттік субъектiлердің тиісті қадамдық әректтерінің Жол картасы бекітілді.Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар», - деді Ә. Смайылов.
Сонымен қатар, барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі.
«Бұдан басқа, инфляцияның коридорының қайта қарастырылуын ескере отырып – зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтiк көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады.Теңгенің курсына байланысты бірқатар шығыстар индексацияланады. Бұл мемлекеттiң борышының қызметін көрсету, кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шет елде Қазақстан азаматтарын емдеу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар.Үшiншіден, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде тағы бір бағыт – ол квазимемлекеттік компанияларының дивиденттік саясатын қайта қарау.Барлық айтылған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау жобасын дайындау ұсынылады», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды

