• Басты
  • Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды – Қаржы министрі
12 Мамыр, 2020 10:04

Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды – Қаржы министрі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылдың 4 айындағы бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды – Қаржы министрі
«Мемлекеттік бюджетке 2,3 трлн 663 млрд теңге кіріс трансферттерді есептемегенде кірді. Жоспар 103,9 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 1, трлн 660 млрд теңге теңге кіріс түсті. Жоспар 96,5 пайызға атқарылды. Салықтар бойынша жоспар 61 млрд теңгеге орындалмады. Оның негізгі сомалары қосылған құн және корпоративтік салық есебінен. Жоспардың орындалмауына сыртқы факторлар әсер етуде. Негізгі экспорттық позициялар бойынша 2019 жылдың 4 айымен салыстырғанда орташа бағалардың 19 пайызға , ағымдағы жылдың басында 15 пайызға төмендеуі себеп болды», - деді ол.

Ә.Смайылов Ішкі саудаға қосылатын құн салығы 24 млрд теңгеге орындалмағанын айтты.

« Себебі, құн салығының қайтарылу сомасы   көрсеткіштері былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті немесе 147 млрд теңгені құрады. Импортқа салынатын құн салығы 31 млрд теңгеге орындалмады. Оған үшінші елдерден келетін импорт көлемінің азаюы әсер етті. Қытайдан келетін импорт көлемі 252 млн долларға төмендеді», - деді ол.

Ол атап өткендей, жергілікті бюджеттердің өз кірістері 119 пайызға орындалып, 1 трлн 3 млрд теңгені құрады.

« Жоспар 161 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде 153 млрд теңге салықтар есебінен. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды. Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,7 пайызға, республикалық 98,6 пайызға атқарылды. Бюджет шығыстары 4 трлн 340 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 62 млрд теңгеге атқарылды. Оның 14 млрд теңгесі үнемдеу болды», - деді ол.

Министр айтқандай, игерілмеудің негізгі себептері конкурстық рәсімдерді ұзақ әрі уақытылы өткізбеу, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттарды кеш ұсыну, шарттар рәсімдерін ұзақ жүргізу, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөнінде арыз жұмыстарын жүргізу.

«Нақтыланған бюджетте дағдарысқа қарсы шараларға 1 трлн 180 млрд теңге қосымша қарастырылды. Бұл соманың 70 пайызына жергілікті бюджеттерге мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кәсіпкерлерді қолдауды жүзеге асыру көзделген», - деді ол.
  Министр өткен 4 айда камералдық бақылаумен жалпы сомасы 5 трлн. 756 млрд.теңгеге 890 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылғанын атап өтті.

"Тексеру қорытындысы бойынша 436 млрд.теңгеге бұзушылықтардың алды алынды.653 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.Аудитпен 296 млрд.теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Нәтижесінде 92 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 86 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды.Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге 586 ұсыныс берілді. Олардың 432-сі орындалды", - деді ол. 


Барлық жаңалықтар