- Басты
- Барлық банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасау керек – А.Мамин
Барлық банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасау керек – А.Мамин
17 Наурыз, 2020 10:09
Барлық банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасау керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет шағын және орта, ірі бизнес кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы шараларын қабылдайды. Бұл шаралар ең алдымен жұмыс орындарын сақтауға, кәсіпкерлер мен азаматтардың іскерлік белсенділігін ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады. Жұмыспен кату жол картасын іске асыруға қажетті қаражат бөлінеді», - деді А.Мамин.
Премьер-Министр инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, жолдарды жөндеуге өзіміздің азаматтар тартылатынын айтты.
«Отандық өнімдерді одан әрі көбейту және Ұлттық экономиканың импортқа тәуелділігін азайту мақсатында қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады. Ішкі нарықты ынталандыру үшін Ұлттық экономиканы несиелеу барынша ұлғайтылады. Төтенше жағдай кезінде төлемдердің кешіктірілуіне байланысты қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болады. Барлық банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасау керек», - деді ол.
Сонымен қатар, А.Мамин отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланылатын айтты.
«Ішкі сұранысты ұлғайтуда агроөнеркәсіптік кешеннің әсері мол. Сол себепті агроөнеркәсіптік кешен саласында несиелеудің жаңа тетігі енгізіледі. Жалпы, бүгінгі айтылған тетіктер мен ұсыныстарды қолдаймыз. Әкімдерге арнайы жұмыс орындарын сақтау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын. Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында салық төлеушілердің салық мөлшерлемесін белгілеудің бюджеттік қалыптастыру мен сатып алудың арнайы тәртібін дайындау бойынша шешімдерді әзірлеп жатырмыз. Үкімет қабылдап жатқан шаралар әрбір кәсіпкерге жетуі тиіс», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
-
Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі
-
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
-
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек
-
«Antikor Live»: Жыл басынан бері 28 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды – тергеуші
-
Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақаладан еш қайыр болмайды – Тоқаев
-
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде
-
ИНФОГРАФИКА: Дені сау ұлт қалыптастырудағы міндеттер – 2021
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді

