- Басты
- BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл
BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл
BAQ.KZ ақпарат агенттігі Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы. Ақпарат агенттігі еліміз бойынша тек қазақ тілінде ақпарат тарататын жалғыз медиа.
Агенттік қызмет жолында қазақ тілді оқырманның сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, қазақ тілді контенттің сапасын да арттыра білді.
Бүгінде BAQ.KZ сайтында қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерделенген толыққанды материалдар күнделікті жарияланып тұрады.
Өз ісінің хас шеберіне айналған тұлғалар туралы «Профессионалдар» атты тұрақты айдар, «Бәрінен де сен сұлу», «Не әңгіме?» және «Жанкүйерлер» атты подкасттар бар. Соным қатар және «ГендерLIKE» және «Желмая» екі мультимедиалық жобасын атап өтуге де болады.
Порталдың еліміздің барлық аймағынан жедел әрі өзекті ақпарат тарататын меншікті тілшілері бар.
«BAQ.KZ ақпарат агенттігі 10 жыл ішінде көптеген өзгерістерге ұшырады. Бастапқыда бір батырмамен барлық қазақтілді контентке қол жеткізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде құрылды. Өз алдына блог платформасы да болды. Кейінірек сұранысқа сай тәулігіне 24 сағат ақпарат тарататын агенттік ретінде қалыптасты. Бүгінде BAQ.KZ ақпарат агенттігі ірі медиа нарықта ойып орын алған, аудиториясы қалыптасқан, тұрақты рейтингі бар абыройлы агенттікке айналды», - деді BAQ.KZ АА бас редакторы Мөлдір Асқар.
Айта кетейік, BAQ.KZ AWARD 2014 сыйлығының «Үздік масс-медиа» номинациясының ІІІ орын жеңімпазы. Портал қызметкерлерінің жұмысы бірнеше рет түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы
-
2020 жыл қорытындысы: халықты ауыз сумен жабдықтау көрсеткіштері
-
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер
-
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Жыл қорытындысы: Парламентте қабылданған Заңдар, Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмыс нәтижелері
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды

