• Басты
  • Банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарауда
11 Наурыз, 2020 18:04

Банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарауда

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз, сондай-ақ қысқа мерзімге салынған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралған мәндерін жариялаған болатын. Бұл ретте мерзімсіз депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме - 12,5 пайызға, ал қысқа мерзімге салынған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша - 13 пайызға дейін жоғарылады.

Банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарауда

Жеке тұлғалардың қайтадан тартылған депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесінде көрсетілгеніндей, жаңартылған мөлшерлемелер туралы ақпарат Қордың банктермен өзара ықпалдастығы аясында қаржы институттарына 2020 жылдың 10 наурызында – максималды мөлшерлемелер қайта қаралған күні жолданды.

Ағымдағы жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарап жатыр. Ал бірқатары теңгедегі 3 айлық мерзімсіз және жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелерді ең жоғары мәнге дейін көтерді.

Бүгінде теңгедегі депозиттер бойынша табыстылық шетелдік валютадағы депозиттерге қарағанда едәуір жоғары және инфляцияны (6%) толығымен өтейді. Қордың ұлттық валютадағы депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді ұлғайту жағына қарай қайта қарауы қазақстандықтар үшін кез келген мерзімге арналған теңгелік депозиттердің жоғары табыстылығын және тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды