• Басты
  • Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері

Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері

30 Қазан, 2020 15:13

Бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасының тұсаукесері өтті. Баспасөз мәжілісіне қатысқан мамандар аталған жобамен таныстырып, сондай-ақ балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алынған іс-шараларға тоқталды. Сонымен қоса мектеп кітапханаларындағы кітап мәселесі талқыға түсті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев «Оқуға құштар мектеп» жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында мектептердің кітапханасы көркем-әдеби кітаптармен тоылығып отырады.

«Бүгінде мектеп кiтапханаларында 200 милионнан астам әдебиет бар. Оның 38 миллионы көркем әдебиет пен мерзiмдi басылымдар. Алайда ондағы кей кітаптардың сапасы сын көтермейді. Мәселен, өткен ғасырдың соңындағы кітаптарға назар аударсақ, оның ішінде көркем-әдеби кітаптардың жиырма-отыз пайызы жарамсыз екендігі белгілі болды», - деді ол.

Сондықтан да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларын дереу көркем әдебиетпен толтыру мәселесі көтеріліп отыр. Алайда, оның сөзіне сенсек, бұл жоспарды іске асыру үшін бес жылдай уақыт қажет. Осы уақыт аралығында еліміздегі барлық мектепті көркем-эдеби кітаппен толықтыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, орталық директорының мәліметінше, жоғарыда атап өткен жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20 пайыз көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек.

Оның айтуынша, «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Бұдан бөлек ол тізімді арнайы комиссия бекітетінін атап өтті. Оның пікірінше, жыл сайын аймақтағы әкімшіліктер кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтырып отыратын болса, оқушылардың, жастардың кітап оқуға деген құштарлығы арта түсетін еді.

«Жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін үлгілі мектептерде көптеген жұмыс атқарылуда. Соның ішінде Білім-инновация лицейінде жаңалықтар енгізіліп жатыр. Оның ішінде «Оқу сағаты» деген жоба бар. Ол баойынша, күн сайын мектепке келген оқушыға 20 минуттай кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай іс-шаралар бірқатар алдыңғы қатардағы мектептерде бар екені белгілі», - деді орталықтың директоры.

Алайда, оның пайымынша, мұндай жобаларды одан әрмен дамытып, республикалық деңгейде дем беру үшін тек оқушылардың ғана емес, ата-ананың да қызығушылығын арттыру бағытында «Жол картасында» бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек баспасөз мәжілісіне қатысқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова аталған мектептегі жобалармен бөлісті. Оның сөзінше, оқу сауаттылығының қалыптасуы негізінен оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Өйткені олардың әртүрлі жанрдағы әдебиетті оқу арқылы кітап оқуға деген қызығушылығы қалыптасады.

«Бүгінде елдегі пандемияға байланысты балалардың кітапханаға барып, кітап алып оқуға мүмкіндігі болмай отыр. Сондықтан біз оқу бағдарламасында бар барлық көркем әдебиетті, сонымен қоса басқа жанрдағы кітаптарды оқу платформасына жүктеп қойдық. Осылайша, бүгінде ондай проблема жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ ол жалпы оқу сауаттлығын арттырып, қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор. Оның сөзіне сүйенсек, дарынды балаларға арналған мектепте «кітапханашы» деген атау жоқ, «падгог-кітапханашы» деген маман бар. Ал ол үш тілде жұмыс істейді.

«Сонымен қатар кітапханада қызықты әрі пайдалы жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, оқуға рекоменделетін кітаптарға арналған «100 кітап NS» жобасы бар. Бұл жобаға сәйкес, оқушылар қазақ, орыс және ағышлын тіліндегі кітаптарды түпнұсқасынан оқи алады», - деді төрағаның орынбасары.

Оның пікірінше, Назарбаев зияткерлік мектептері мұндай жүйені өз ішінде қалыптастырып, сонымен қатар тәжірибені еліміздегі басқа мектептерде таратуда маңызды рөл атқарады. Мәселен, «20 минут» деген жоба қазіргі таңда көптеген мектептерде қолданылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар «Book crossing» әлеуметтік акциясын атап өтуге болады. Бұл 1 желтоқсанда, яғни тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылады.

«Біз бұл акция кезінде бір айға жуық уақыт бойына кітаптарды жинаймыз. 600-700 шамасында кітап жиналады. Кейін оны ауылды мектептерге таратамыз. Бұл дәстүр жылдар бойы жалғасып келе жатыр. Сондай-ақ, 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында біз тосын сый жасаймыз. Біздің барлық оқушыларымыз бен мұғалімдеріміз сатып алып, не өздерінің кітаптарын алып келеді. Осылайша, біз кітап алмасамыз», - деді ол.

Сондай-ақ «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте мемлекет басшысы балаларды кітап оқуға құштарлығын арттыру керегін айтып, маңызды мәселе көтергенін еске салды. Ол өз сөзінде қазіргі мектеп жасындағы балаларды белгілі бір дүниемен қызықтырып, бес минут бойына тыңдатып, отырғызып қою оңай емес екенін атап өтті. Сондықтан оларға басқаша тәсіл керегін айтты. Сонымен қатар қор президенті пандемия кезінде балаалрдың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітаптар жинақталған қосымша жасалғанын мәлім етті.

«Қазіргі елдегі пандемияға байланысты біз «Кітап аппликэйшн» қосымшасын жасап шықтық. Ол апсторда және Айоста бар, сондай-ақ Плей маркеттен де жүктеуге мүмкіндік бар. Әзірге пилоттық жоба ретінде қолға алынды. Біз онда жас ұрпақты баулу мақсатында «оқу және мотивация» екі ұғымды қарастырдық. Бұл буынға беретін контенттің барлығы онлайн болмаса, сіз көп жетістікке жете алмайсыз. Өйткені, бұларды қазіргі таңда түрлі әлеуметтік желілер тәрбиелеп отыр. Сондықтан да біз «Кітап аппликейншн» жобасын қолға алдық», - деді Дархан Өте.

Барлық жаңалықтар