• Басты
  • Балалар күні: Балабақшадағы бір күн
1 Маусым, 2020 11:23

Балалар күні: Балабақшадағы бір күн

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері бірқатар нысандар жабылып, онлайн жұмыс істеуге көшкен болатын. Оның қатарында балабақшалар да бар. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 10 314 мектепке дейінгі ұйым тіркелген, оның 6565-і мемлекеттің меншігінде болса, қалғаны жекеменшік балабақшалар. Бүгінгі балалар күніне орай балабақшалардың карантин кезіндегі жұмысына тоқталуды жөн көрдік. Елімізде енгізілген карантин мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қалай әсер етіп жатыр, не өзгергенін білу үшін елордаданың орталығында орналасқан "Babycare" балабақшасына хабарластық. Балабақша меңгерушісі Ақерке Батырбекқызы сұхбат беруге бірден келісіп, мекеменің карантин кезінде қалай жұмыс істегенін, балаларды қабылдау кезеңіндегі талаптар жөнінде айтып берді, де хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Балалар күні: Балабақшадағы бір күн

Балабақша меңгерушісінің айтуынша, "Babycare" мектепке дейінгі ұйымы 3 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашында жекеменшік балабақша ретінде ашылған мекеме бүгінгі таңда мемлекеттік дотацияны жеңіп алған.

"Біздің балабақша 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады. Ашылған тұста жекеменшік балабақша болып ашылдық. 2017 жылдың қараша айында мемлекеттік тапсырыс бойынша дотацияны жеңіп алдық. Осылайша, 40 балаға дотация берілді. Жаңадан ашылған кезде тәрбиеленушілеріміз аз болды. Содан соң ақырындап балалар жиналып, бүгінгі таңда 40 балаға жетіп отырмыз. Балабақша алғашқыда пәтерде болды, кейін осы ғимаратқа өттік", - деді Ақерке Батырбекқызы.


IMG_20200529_141355.jpg

Оның сөзіне сүйенсек, қайта ашылғалы бері біраз дүние өзгерген. Қазіргі таңда балабақшада сантиарлық талаптарды сақтауға көп мән беріледі. Балабақша меңгерушісінің айтуынша, балалардың және тәрбиешілердің қауіпсіздігі үшін бірқатар шара қолға алынған.

"Карантиннен кейін біз балаларды дәрігердің анықтамасымен ғана қабылдап отырмыз. Ата-ана баланың балабақшада болмаған уақытта ауырмағанын дәлелдейтін құжат тапсыру керек. Мәселен, кейде балалар тұмау боп науқастанып қалуы мүмкін. Сол себепті сондай анықтама әкелген ата-ананың баласын қабылдаймыз. Таңертең балалар келгеннен кейін санитарлық талап бойынша қолын антисептікпен залалсыздандырып, топқа кіргіземіз. Сонымен қатар балалар келмей тұрып жарты сағат бұрын бөлмелерді кварцтаймыз. Бөлмені кварцтау дегеніміз - арнайы қрылғы орнату арқылы бөлмедегі вирусты жою. Сол себепті онымен дезинфекция жүргізу, әсересе, балабақша үшін өте маңызды. Бұған дейін ас ішетін кезде әдеттегідей шыны ыдыстарды пайдаланатынбыз. Ал қазір бір реттік ыдыстарды қолданамыз. Тәрбиешілер 2-3 сағат сайын бетпердесін ауыстырады. Сонымен қатар балалармен жұмыс кезінде әрдайым қолғап киіп жүруі керек", - деді ол.


Сонымен қатар балабақша меңгерушісі қазіргі таңда үкімет тек кезекшілік топты ғана қабылдауға рұқсат бергенін атап өтті. Оның сөзінше, "Babycare" мектепке дейінгі ұйымы 20 балаға дейін қабылдай алады.

IMG_20200529_141118.jpg

"Карантин кезінде балабақшамыз басқалары секілді жабылды. Балаларды үйге жібердік. Тек мектепке баратын даярлық топ онлайн сабақ өтіп отырды. Сабақты тәрбиешісі жүргізіп отырды. Карантин уақытында мемлекет бізге ақша бөліп отырғандықтан, әр тәрбиеші өзінің жалақасын толығымен алды. Өйткені олар онлайн жұмыс істеді. 18 мамырдан бастап жұмысқа қайта оралдық. Үкімет тек кезекшілік топқа ғана рұқсат беріп отыр. Мәселен, бір топта 15-18 бүлдіршін болса, біз тек 10 балаға дейін ғана қабылдау керекпіз. 40 баланың ішінен біз 20 баланы қабылдауға құқығымыз бар демек. Кезекші топқа қабылдау кезінде тек ата-анасы жұмыс істейтіндердердің ғана балаларына басымдық беріліп отыр, себебі бала үйде жалғыз қалмауы керек", - деді Ақерке Батырбекқызы.


Бұдан бөлек балабақша меңгерушісі балабақшаның бір күніне тоқталып өтті. Өзінің айтуынша, балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлінеді екен.

"Күн тәртібі бойынша балабақша сағат 8-ден бастап жұмыс істейді. Тәрбиешілер сол кезде балаларды қабылдап алады. Содан соң таңғы жаттығуларын жасайды. Балалардың сөйлеу дағдысын арттыру мақсатында бір-біріне осыдан бір күн бұрын істеген нәрселері жөнінде айтып береді. Бірге таңғы ас ішеді. Мәселен, даярлық тобын алсақ, жазу, оқу сабақтары жүреді. Сонымен қатар би, ән сабағы өткізіледі. Ағылшын тілін де оқытамыз. Сырттан келіп жұмыс істейтін арнайы мұғаліміміз бар, сол кісі кесте бойынша келіп, балалармен ағылшын тілінде түрлі қызықты ойындар, сабақтар өткізу арқылы тілін дамытады. "Өзіне-өзі қызмет ету" деген уақыт бар бізде. Мұнда сюжетті-рөлді ойындарға басымдық беріледі. Мәселен, балалар шаштараз рөліне ену арқылы бір-бірімен шаштараз бен тұтынушы болып сөйлесу арқылы ойнайды. Яғни олардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп мән беріледі", - деді ол. 

IMG_20200529_141102.jpg

Сонымен бірге Ақерке Батырбекқызының сөзінше, балабақша 1 маусым балалар күнін жыл сайын ерекше атап өтеді.

"1 маусымда таңертең балаларды қабылдап, ата-аналардың көмегімен аниматорларды шақырып, әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге барынша қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Мерекелік дастархан жайылып, түрлі концерттік шаралар ұйымдастырамыз. Биыл да осындай шараларды қолға аламыз. Десек те, биылғы мереке бұрынғыдан өзгерек болатыны анық. Себебі елдегі жағдайға байланысты карантин нормаларын сақтау керекпіз. Сондықтан кішкене өзгерістер болуы мүмкін", - деді ол. 


Айта кетейік, "Babycare" балабақшасында 6 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар балабақша 1,5-6 арылығындағы балаларды қабылдайды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды