• Басты
  • 5 жасқа толмаған балаларға маска кию міндетті емес
24 Тамыз, 2020 15:46

5 жасқа толмаған балаларға маска кию міндетті емес

5 жасқа толмаған балаларға медициналық бетперде кию міндетті емес. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. Масканы қайда, қалай және кімдер кию керектігін Strategy2050.kz тілшісі түсіндіреді.

5 жасқа толмаған балаларға маска кию міндетті емес

Биылғы оқу жылы қашықтан болатыны белгілі. Алайда бастауыш сыныптарда кезекші сыныптарға оқушылар барады. Кезекші сыныптарда оқитын балалардың бетперде мен қолғап киюіне қатысты министрлік өкіліне сұрақ қойылды. Баланың қолдарына арналған резеңке қолғап жоқ. Бағдат Қожахметов балаларға бетперде де, қолғап киюдің міндетті емес екенін , алайда 6 жасқа толған балалар сабақ кезінде бетперде кию міндетті.

Балалар ересектерге қарағанда аз болса да, олар осы аурудың қоздырғышы бола алады және егде жастағы адамдарға және қауіп тобына кіретін адамдарға жұқтыруы мүмкін. Медициналық қолғап киюдің қажеті жоқ. Осы бойынша әлеуметтік желіде түрлі жалған ақпарат тарап жатыр, - деп толықтырды Б.Қожахметов.

Жапон дәрігерлері баланың маска тағуы оның тыныс жолдарына зиян тигізетінін айтты. Балалардың тыныс алу жолдары жіңішке келеді. Маска балалардың тыныс жолының тарылып, пневмония пайда болуына әкеп соғады.

Масканы 6 жастан жоғары барлық адам жабық нысандарда тағуға міндетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ 12 жастан асқан балалар үлкендермен тең жағдайда мака кию керектігін ескертті. Әсіресе, адам тығыз орналасқан жерлерге барғанда, 2 метр әлемеуметтік қашықтықты ақтау мүмкін болмаған жағдайда маска кию қауіпсіз болып саналады.

Әлеуметтік желіде соңғы күндері Қазақстанда балалар арасында кавасаки синдромы таралып жатқаны туралы хабар тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұған жауап берді:

Біз қазақстандық аналардың коронавирус инфекциясы немесе Кавасаки синдромы тарап жатыр деген қауесетке сеніп, алаңдаушылық танытып жатқанын байқадық. Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Кавасаки синдромымен жаппай ауырып жатқандар жоқ. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған шамамен 2 500 баланың тек кәмелеттік жасқа толмаған 16 баладан Кавасаки синдромы расталды. Олардың жартысы толық айығып шықты, - деді Бағдат Қожахметов.

Кавасаки ауруы ешқандай жұқпалы дертке жатпайды. Дәрігерлердің айтуынша, пандемияға дейін де кавасаки ауруы болған. Бірақ жылына әрі кетсе үш-төрт бала ғана ауырған. 

Балада Кавасаки синдромының белгілері байқалған кезде жергілікті дәрігерге немесе педиатрға жүгіну керек. Мұндай синдроммен балалар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Бірақ әдеттегі балалар ауруханасына түседі. Өйткені бұл синдром бала коронавирус жұқтырып, екі-үш апта өткен соң, яғни жазылғаннан кейін байқалады. Сондықтан балалар ауруханасында толыққанды диагноз бен зерттеулер жасалады. Зерттеулерге биохимиялық қан талдауы, гемостазды бақылау, коагулограмма, эхокардиограмма, ЭКГ, УДЗ, кеуде рентгені немесе КТ кіруі мүмкін, - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ Басқарма төрайымы, дәрігер педиатр, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева.

Педиатр дәрігердің сөзіне сүйенсек, балалар мен жасөспірімдерде кездесетін СОVІD-19-бен уақытша байланысты мультисистемалық қабыну синдромы - бұл COVID-19 инфекциясынан кейін болатын иммунологиялық құбылыс. Патология COVID-19 шалдыққан балаларда 3-5 апта өткен соң дамитын инфекциядан кейінгі синдром, ол қандағы антиденелерді анықтау арқылы көрінеді. 2020 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша республикамызда 16 балалаға МҚС диагнозы қойылды, оның ішінде 8 бала жақсы нәтижемен шығарылды, қалғандары көпбейінді балалар ауруханасында емделуде.

Кавасаки синдромының негізгі клиникалық белгілері:

- температура 24 сағат ішінде 38,50 С жоғары болады;

- асқазан-ішек жолдарының зақымдануы - іш ауырады, құсу, жүрек айнуы, диарея;

- тыныс алу жүйесінің 50% зақымдануы мүмкін - жөтел, пневмонияның ауыр түріне байланысты ентігу;

- денеге түрлі дәрежеде бөртпе дақ, дақ-папулез шығады;

        - конъюнктивит, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, алақан, аяқ ісінуі мүмкін;

- кеуденің артқы жағында жүрек тұсы ауырады, кардиоваскулярлық белгілер болады;

- тіл қызыл, алқызыл болады, ерін қызарады.

Барлық жаңалықтар