• Басты
  • Балаларға арналған Junior Card және  Junior Bank бірегей өнімдерін іске қосылды
1 Маусым, 2020 16:41

Балаларға арналған Junior Card және  Junior Bank бірегей өнімдерін іске қосылды

Junior Card және Junior Bank – бұл инновациялық өнімдер, олардың көмегімен балалар өз қаражатын өз бетінше басқару мүмкіндігін алады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Балаларға арналған Junior Card және  Junior Bank бірегей өнімдерін іске қосылды

ЦентрКредит Банкі кішкентай клиенттер үшін бірегей банк өнімдері: «Junior Card» картасын және балаларға арналған Junior Bank мобильді қосымшасын іске қосқанын хабарлайды. 

«Енді біздің балақайлар ЦентрКредит Банкінің сервистерін өздері пайдалана алады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа ЦКБ-нің бұл сыйлықтары ұнайтынына, сондай-ақ олар қаржылық сауаттылық әлеміне тамаша жол сілтеуші болатынына сенімдімін!», - дейді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.


«Junior Card» картасының ең маңызды артықшылықтарының бірі оның толық қауіпсіздігі болып табылады, өйткені осы карта бойынша үлкендердің қажеттіліктеріне (темекі, алкоголь, автокөліктерді өз бетінше пайдалану сервистері және т.б.) байланысты транзакцияларға автоматты түрде тыйым салу функциясы қосылған. Сонымен қатар ата-аналары баласы үшін соманы азайту немесе ұлғайту бойынша жеке лимитті қадағалай алады. Инновациялық өнім балалардың шығындарына қатысты сенімділікке кепілдік береді – әр жасалған төлемнен кейін ата-анаға СМС, ал балаға push-хабарлама келеді. Картаны Apple Pay-ге немесе Samsung Pay-ге тіркеу мүмкіндігі қолжетімді, ал төлемдерді смартфондар немесе смарт-сағаттар арқылы жүргізуге болады. 

«Junior Bank» – бұл керемет дизайны және мобильді қосымшасының тамаша функционалы бар балалар карталары, - деп пікір білдірді Басқарушы директор Павел Кравченко, - Нақ осылар біздің өнімдеріміздің қатарындағы балалар банкингінің алғашқы ашушылары болады. Бұл өнім біздің сүйікті балақайларымыздың қалауларын ескере отырып, дайындадық! Біз балалармен бірге визуалды бөлігін әзірледік, операциялардың жайлылығына қатысты олардың пікірлеріне құлақ астық және әрине, жақсы мобильді қосымша әзірлеуге сөз бердік! Енді «Junior Bank» олардың мобильді телефондарында пайда болады», - делінген хабарламада. 

«Junior Card» 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға арналған және ата-ананың немесе үшінші тұлғаның атына жеке карточкалық шот болып ашылады. Енді бөлімшеге келу қажеттілігінің болмауы да өте ыңғайлы – сіз BCC.KZ  қосымшасында ең көбі 5 Junior Card-ты виртуалды түрде аша аласыз. «Junior Bank» қосымшасын да атап өтпеуге болмайды. BCC.KZ қосымшасында ата-аналар өзінің барлық карталарын, қоса алғанда Junior картасын көре алады. «Junior Bank» қосымшасында, өз кезегінде, балалар тек өзінің «Junior Card» картасын көреді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды