• Басты
  • Балабақшаларды жабу бойынша шешім қабылданған жоқ – министр

Балабақшаларды жабу бойынша шешім қабылданған жоқ – министр

13 Наурыз, 2020 15:10
Балабақшаларды жабу бойынша шешім қабылданған жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

«Ведомствоаралық комиссия бойынша кейбір шектеу шаралар қабылдады. Біздің ұсынымыз қазір көп халық қатысатын шараларды тоқтатып, мысалы той өзге де шаралар бойынша, алдын ала тоқтатып қатыспау.

Министр балабақшаларға қатысты да айтып өтті.

«Балабақшалар бойынша шешім қабылдаған жоқпыз. Ата-аналар өздері шешім қабылдауы керек. Кей жағдайда жас ата-аналар жұмысқа барады, олар балаларын бір жерге қалдыру керек. Қазір балабақшаны жабу бойынша шешім қабылданған жоқ. Мүмкін, жағдай ушықса, осындай шара қабылдаймыз. Не өңірдің әкімшілігі өздері қабылдай алады. Қазір жағдайды бақылауда ұстаймыз», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар