- Басты
- Жаңалықтар
- Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
Бүгін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен қаланың Білім басқармасы алқасының отырысы өтті. Білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон процестеріне байланысты әкімнің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы орын тапшылығы мен кезектілік мәселелерін шешу жөніндегі шаралар күшейтілді.
Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 65 080 бала, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 57 020 бала қамтылғанын баяндады.
Кезектілікті азайту үшін келесі шаралар қабылдануда:
- ағымдағы жылы 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша пайдалануға беріліп, 120 орындық тағы 1 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталуда;
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 520 орындық тағы 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде;
- биылғы жылы 1 378 орындық 48 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды.
5 жыл ішінде 360-қа жуық жекеменшік балабақшада 14 900 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын кезең-кезеңімен орналастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, орын тапшылығын төмендету мақсатында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген мемлекеттік балабақшаларды қайтару бойынша шаралар қарастырылған. Осы жұмыс аясында Әуезов ауданындағы жалға берілген «Сказка» балабақшасының ғимараты қайтарылды, қазір күрделі жөндеу жүргізілуде және 2021 жылы онда 320 орындық 14 топ ашылатын болады.
Айта кету керек, мегаполис әкімінің бастамасымен жергілікті бюджет есебінен жекеменшік балабақшаларда ата-аналардың төлемін субсидиялау бойынша шаралар қабылдануда.
«Жалпы қабылданған шаралар есебінен 5 жыл ішінде балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда», - деп атап өтті Л.Жылқыбаева.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты

