• Басты
  • Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті
6 Ақпан, 2020 18:18

Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Cыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына (СІМК) қатысты, деп хабарлады Strategy2050.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті

Аталған іс-шараға Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Мажарстан Сыртқы және сауда министрінің орынбасары Левенте Мадьяр қатысты.

Іс-шара күн тәртібінде Түркі кеңесіне мүше емес мемлекеттер және ұйымдар арасында ынтымақтастық орнату, ұйымның атауын өзгерту, «2040 – түркі келешегі» бағдарламасы және кезекті саммит мерзімдері іспеттес өзекті мәселелер қарастырылды.

Сыртқы істер министрлері Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы туралы ережені қабылдады. 2019 жылғы 15 қазанда ТМЫК 7-ші саммитінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңестің Құрметті төрағасы ретінде сайланған.

М. Тілеуберді өз баяндамасында Елбасы Н. Назарбаевтың былтыр Түркі кеңесінің 7-ші Саммитінде ұйымның атауын өзгерту және «2040 – түркі келешегі» бағдарламасын дайындау туралы бастамаларына назар аударды.

Түркі кеңесінің Бас хатшысы, қазақстандық дипломат Бағдад Әміреев өз баяндамасында халықаралық қауымдастықтың Түркі кеңесіне қызығушылығы арта түскенін хабарлады. Осыған байланысты, СІМК барысында ұйымға бақылаушы және серіктес мәртебесін алу туралы ереженің қабылдануының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар Түркі кеңесінің 8-ші Саммитінің мерзімдері мен өткізу орны бойынша мәселелерді талқылады.

СІМК шеңберінде Министр М.Тілеуберді Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас Хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен екіжақты кездесу өткізді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды