• Басты
  • Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткіздім – А.Аманжолова
12 Ақпан, 2020 12:24

Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткіздім – А.Аманжолова

Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткіздім, деді «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисы ашылуының кулуарында Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы «Рахат» волонтерлар клубының жетекшісі Аққу Аманжолова, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшісі.
Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткіздім – А.Аманжолова
«Мен үшін волонтерлық – өз пайдаңды ойламай, өзгенің қиындығына қол ұшын созу. Ол үшін ешқандай ақы күтпей, быр ықыласыңмен кірісу. Ұйымдастырушылар бүгінгі Фронт-офистің ашылуына арнайы шақырды. Осы алаңда отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі мемлекет басшысымен өткен кездесудің мен үшін маңызы зор. Алғаш рет кездесіп тұрмын. Кездесуден мотивация алдым. Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткіздім, - деді Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы «Рахат» волонтерлар клубының жетекшісі Аққу Аманжолова.

Сонымен қатар, ол өзінің волонтерлығы Рахат есімді досының еміне көмектесуден басталғанын атап өтті.

«Менің Рaхат деген досым болды. Оған онкологиялық диагноз қойып, емiне ақша жинауға көмектестім. Өкінішке қарай, Рахат өткен жылдың мaмыр айында қaйтыс болды. Содан соң қайырымдылықты қолға алып, клубқа «Рахат» деген атау бердік және 3 айдан бері науқас балалардың еміне aқша жинаумен айналысып келеміз. Арнайы концерттер, тағам және қолөнер жәрмеңкелерін ұйымдaстырамыз. Бiр бaланың еміне ақшаны толық жинап ақтадық. Бұдан бөлек колледждерде кішігірім шаралар өткіземіз. Клубта 32 волонтер бар... Осыншама аз уақытта көп iс атқaрмадық деп ойлаймын. Дегенмен алдағы жоспaрымызда шаралар көп. Мемлекет тарапынан да осындай қолдау болып тұр... Волонтерлардың қатaры көбейіп, мейірімді жастардың саны артқанын тілеймін», - деді А.Аманжолова.

   Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
66.249.70.94, 192.168.88.100