• Басты
  • Б.Жүсіпов: Маусым айында жедел көмек шақыртулар 10%-ға өсті
24 Маусым, 2020 10:45

Б.Жүсіпов: Маусым айында жедел көмек шақыртулар 10%-ға өсті

Маусым айында жедел көмек шақыртулар 10%-ға өскен. Бұл туралы елордада  КВИ эпидемиясы жағдайында жедел жәрдем қызметі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіпов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Жүсіпов: Маусым айында жедел көмек шақыртулар 10%-ға өсті

Бақтияр Жүсіпов ҚР бойынша жедел медициналық көмек қызметі 18 жедел медициналық көмек станциясынан, 87 қалалық станциядан және 288 аудандық жедел көмек бөлімшесінен тұратынын атап өтті.

"Республика бойынша күн сайын жедел көмек шақыртуларына 1400-ге жуық жедел медициналық көмек бригадалары қызмет көрсетеді. Оның 23 пайызы - мамандандырылған дәрігерлік бригада, 77 пайызы - фельдшерлік бригада. Елімізде санитариялық автокөлікпен жабдықталу 93 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 1967 санитариялық автокөлік бар. 2019 жылы жедел автокөліктерінің тапшылығын жабу мақсатында өңірлерде 293 бірлік автокөлік сатып алынды. Ағымдағы жылы 807 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда. Барлық көлік отандық тауар өндірушіден лизинг шеңберінде сатып алынатынын атап өту қажет. Қазіргі уақытта жедел көмек көліктерінің кезең-кезеңмен дайындау және жеткізу жүргізілуде. Жалпы барлық көлік ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі", - деді ол.

Сонымен қатар басқарма төрағасының міндетін атқарушының сөзінше, соңғы бес айда жедел көмек бригадалары 3 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсеткен. 

"Осы жылдың бес айында жедел көмек бригадалары 3 млн-нан астам шақыртуларға қызмет көрсетті Жалпы республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында жедел көмек шақыртулардың 10 пайызға өскені байқалып отыр. Соның ішінде айтарлықтай өсім 15 мен 22 маусым аралығында жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетуде. Өңірлер бөлінісінде шақыртулардың өсуі Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда. ", - деді Бақтияр Жүнісов


Оның айтуынша, осы орайда жедел көмек бригадасы науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда ғана келу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. 

"Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына дейінгі орташа келу уақыты 12 минуттан 13 минутқа артқаны байқалады. Бұл ретте айта кету керек, бекітілген ережеге сәйкес, келу уақыты шақыртулардың жеделділік санатына байланысты екенін айта кету керек. Егер де науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел медициналық көмек бригадаларының келу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс, ал пациенттің өміріне не денсаулығына айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді", - деді Бақтияр Жүсіпов.


Сонымен қатар ол коронавирустық инфекцияны диагностикалық және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес, пациенттерге жедел көмек көрсету алгоритмі бекітілгенін атап өтті.

"Осылайша, жедел көмек бригадасының шақыртуға қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте пациенттің жалпы жай-күйі, ентігуінің бар болуы, минутына тыныс алу жиілігі, температурасы бағаланады және осы көрсеткіштерге байланысты одан әрі тактика анықталады. Аурудың жеңіл ағымы анықталған жағдайда ентігу және қауіп факторлары жоқ пациент үйде қалады, әрі қарай емхананың учаскелік дәрігердің бақылауына жолданады. Егер де пациент жағдайы ауыр немесе орташа ауыр болса, сонымен қатар қауіп факторлары бар пациенттерде, яғни жасы 60-тан жоғары, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары сияқты аурулар болған кезде, одан әрі емдеу үшін пациентті стационарға апару жүзеге асырылады", - деді ол.


Сонымен қоса Бақтияр Жүсіповтың сөзінше, қазіргі уақытта жедел көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылған. 

"Барлық медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар жедел көмек станциялары жанынан арнайы Call-орталықтары құрылды. Онда медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша білікті мамандар консультациялық қызмет көрсетеді", - деді төраға міндетін атқарушы.


Бұдан бөлек ол індетпен күресіп жүрген медицина қызметкерлері қаржылай төлем алғанын тілге тиек етті.
 

"Сонымен қоса президенттің тапсырмасын орындау мақсатында коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін жедел медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша төлем жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың мамыр айында 11 823 жедел медициналық көмек қызметкеріне 2 млрд теңгеден астам қсымша қаржы төленді", - деді Бақтияр Жүсіпов.


Сондай-ақ ол медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен уақытылығын жақсарту мақсатында жұмыс жалғастынын атап өтті.

"Коронавирустық инфекциясы бар ауыр пациенттерді емдеуді дер кезінде түзету және жедел медициналық көмек көрсету мақсатында республикалық ғылыми орталықтардың профессорлары мен бейінді сарапшылары Ұлтттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында өңірлерде пациенттерді емдеу тактикасы бойынша телеконсультациялар жүргізеді. Барлық кезеңде барлығы 6 000-нан астам телеконсультация жүргізілді. Жалпы, жедел медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен уақытылығын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады", - деп түйіндеді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды