- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі ресейлік жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда
«Бәйтерек» холдингі ресейлік жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда
«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов және Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары Мәскеу қаласында жұмыс сапарымен болып, онда Ресейдің мемлекеттік қаржы институттарының топ-менеджерлерімен кездесті.

Делегация құрамында еншілес ұйымдардың басшылары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Абай Сарқұлов, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Руслан Ысқақов, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Айнұр Қуатова, «Даму» КДҚ» АҚ Гаухар Бөрібаева, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС Өтембаев Әділ, «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ Нұрлан Байбазаров бар.
ЖҚФ – экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру тетігі. Кредитор болып бірден Бірнеше ресейлік банктер және ВЭБ.РФ мемлекеттік корпорациясы табылады. Олар қарыз алушыға «синдикатталған» деп аталатын, яғни бірлескен кредит береді, оның құны, әдетте, бір банк бөлетін кредитке қарағанда жоғары болады. Жеңілдетілген кредит алу үшін құны 3 млрд. рубльден және қайтару мерзімі 20 жылға дейінгі жобалар үміттене алады. Өтініш беруші жоба құнының кем дегенде 20%-ын өзі салуы керек.
Өз кезегінде Айдар Әріпханов ЖҚФ шолуының өткізілгені және осы бағдарламаның қатысушыларымен танысқаны үшін алғысын білдірді.
“ Сіздермен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық бізге инвестициялар тарту және жобаларды қаржыландыру саласындағы негізгі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді”, - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы ВЭБ.РФ төрағасы Игорь Шуваловқа айтқан сөзінде.
Өз кезегінде Айдар Әріпханов ресейлік әріптестеріне негізгі стратегиялық бағыттары ірі бизнесті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық экожүйе мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту болып табылатын «Бәйтерек» холдингінің қызметі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Айдар Әріпханов «Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі федералды корпорация» АҚ (ШОБ корпорациясы) бас директоры - Басқарма төрағасы Александр Браверманмен, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорының директоры Роман Петруцеймен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, ШОБ корпорациясының еншілес компаниясы - «МСП Банк» АҚ Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде «Даму» қорымен келісімге қол қойды. Қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында тараптар кәсіпкерлерді қолдау шараларын, соның ішінде қаржылық кепілдік пен ақпараттық-маркетингтік қолдауды және тәжірибе алмасуды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті.
Өнеркәсіпті дамыту қоры ресейлік өнеркәсіпті жаңарту үшін құрылды және жаңа жоғары технологиялық өнімді, импортты алмастыруды, экспортты, өндірістік құрал-жабдықтар лизингіне және басқаларға бағытталған жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жеңілдікті шарттар ұсынады.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдардың басшылары Гайдар форумы - Ресейдің 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан экономика саласындағы жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Гайдар форумы қатысушылардың сапалы құрамы мен сарапшылардың мәртебесін ескере отырып, БАҚ-та жиі «Орыс Давосы» деп аталады. Осы жылы қатысушылар цифрлық жарыста мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы, сатып алулар әлемінде шағын және орта бизнестің орны, ұлттық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаржылық бақылау сияқты мәселелерді талқылады.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын
-
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда
-
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары
-
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері
-
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі
-
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру
-
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда
-
COVID-19 әлемде: әлемде коронавирустың жаңа штаммы таралуда
-
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек
-
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері
-
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары

