• Басты
  • «Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда
6 Желтоқсан, 2019 15:23

«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда

«Бәйтерек» холдингі Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов қазақстандық делегацияның құрамында 5-6 желтоқсанда болған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинге барды. 
«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда

Айдар Әріпханов Мемлекет басшысы неміс компанияларының басшыларымен өткізген іскерлік кешкі асқа, сондай-ақ Берлин Еуразиялық клубының «Қазақстан және Германия: экономикалық ынтымақтастықтың жаңа сатысы» тақырыбындағы 28-отырысына қатысты.  

Еске салатын болсақ, ағымдағы жылдың маусым айында «Бәйтерек» холдингі Euler Hermes сақтандыру агенттігімен негіздемелік келісімге қол қойған болатын. Бұл құжат болашақта неміс қаржы институттары беретін экспорттық кредиттерді сақтандыру өтемінің 1 млрд. еуро мөлшерінде лимитін қазақстандық кәсіпкерлердің пайдасына ашады.   

Аталған келісімді іске асыру мақсатында, осы жолғы сапар барысында Холдингтің еншілес ұйымы – Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) немістің ірі қаржы институттарымен бірқатар құжаттарға қол қойды.   

Бұл тұста немістің Deutsche Bank, KfW IPEX-Bank және Commerzbank банктерімен меморандумдар мен келісім жайлы айтылып отыр. ҚДБ Deutsche Bank банкімен 500 млн. еуро сомасындағы жобаларды экспорттық кредиттік агенттіктердің (ЭКА) сақтандыру өтемімен қаржыландыру туралы келіскенін атап өткіміз келеді.

Сонымен қатар, Euler Hermes Aktiengesellschaft неміс кредиттік агенттігімен  Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар экспорттық қаржыландыру саласындағы мәмілелерді құптайды және іске асыруға жәрдемдесетін болады.  

Бұдан басқа, "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС сингапурлық "WestGasOil PTE" компаниясымен және "Haldor Topsoe Germany" химиялық компаниясымен Маңғыстау облысында метанол мен олефиндерді өндіретін жаңа зауыт салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналасады, ал инвестиция сомасы шамамен 1,8 млрд АҚШ долларын құрайды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды