• Басты
  • Б.Тілеухан: Пікір алуандығы тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет
20 Желтоқсан, 2019 18:32

Б.Тілеухан: Пікір алуандығы тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет

Пікір алуандығы тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет. Бұл туралы ел астанасында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық сенім кеңесінде көтерілген партиялардың қалыптасуына қатысты пікір білдірген Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Бекболат Тілеухан айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Тілеухан: Пікір алуандығы тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет

"Қандай мәселе көтерілсе де билік тарапынан қолдау таппағаны жоқ. Мәселен,  көптің көкейіндегі бір мәселе - партиялардың қалыптасуы. Бұған дейін адам саны 40 мыңға толмай, партия қабылданбайтын. Бүгінгі кеңесте мемлекет басшысының оны 20 мың адамға азайтуы - үлкен бір жеңілдік болды санаймын. Қазір тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде біртүрлілеу кезең өтіп жатыр. Мүмкін, интернеттің шығуымен байланысты болар. Әр адамның ойын айтуға, пікірін таңуға, шеберлікпен жеткізе алған жағдайда қоғамды қозғап жіберуге күш алып отырған кезеңде сындарлы диалог ауадай қажет. Пкіралуандығы керек, алайда ол біздің тәуелсіздігімізге көлеңке түсірмеуі қажет", - деді мәжіліс депутаты. 

Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің жоғарғы дәрежесін көрсете отырып, қоғамдағы жақсы өзгерістердің болуына ұлттық кеңестің қосар үлесінің айрықша екендігін атап өтті. Сондай-ақ оның айтуынша, кеңесте көтерілген мәселенің барлығы министрліктер мен үкімет тарапынан қолдау тапқан.

"Жалпы біздің кеңесте қозғалып жатқан мәселелер үкімет мүшелерінің тарапынан қолдау тауып, солармен тікелей диалогқа барып, Сапарбаев болсын, еңбек министрлігі, мәдениет және спорт министрлігімен, министрлермен, аппараттағы қызметкерлермен келісе отырып, біраз шаруалардың басы қайтарылды. Көтерілген мәселелер туралы нақты нәтижелерге қол жеткізгеніміз қуантарлық жағдай", - деді Тілеухан.

Сонымен бірге мәжіліс депутаты ұлттық кеңеске мүше азаматтардың әртүрлі саладан екендігін, әрқайсысы өз саласына қатысты мәселе көтеріп жүргендігін айтып өтті. Сондай-ақ оның айтуынша, халықтың көкейінде жүрген мәселелердің барлығы ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп жатыр. 

"Билік пен бұқараның арасында жарасым болмай, ортақ арнаға тоғыспай тәуелсіздіктің баяндылығы жайында әңгіме айту мүмкін емес. Жалпы, бұқараның көкейінде жүрген мәселелердің барлығы ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп жатыр. Кеңестің жұмысына халықаралық ұйымдар да жоғары баға берді. Сындарлы диалог жүріп жатыр. Ұлттық кеңеске әртүрлі адам мүше. Әрқайсының жүрегінде, ойында жүрген өзекті тақырыптар бар. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, саяси реформа, жер қатынастары мәселелері, қоғамдағы жемқорлық мәселесі болсын барлығы өзінің деңгейінде талқыға түсті. Кеңесте түрлі саланың мамандары бар, экономистер, юристер, өнер адамдары, шығармашылық эитаның мүшелері елдің көкейіндегі жүрген нәрселердің бәрін айтты", - деді Бекболат Тілеухан.

Бұдан басқа баспасөз мәжілісіне қатысқан Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков митинг туралы жаңа заң жобасына тоқталды. Оның айтуынша, онда митинг өткізу тәртібі қарастырылған.

"Бұған дейін халық саяси жаңғырулар қажет екенін ұдайы айтқанымен, сол күйінде қалып қоятын. Оған дейін билік, үкімет тарапынан қолдау таппаған болатын. Саяси партиялар өздерінің жиылыстарында айтқандарымен, билік құлақ аспаған еді. Осы жолы Ұлттық кеңестің отырысында тыңдалды. Шешімін табады деп отырмыз. Мысалы, митингілер өткізу мәселесі осыған дейін де айтылып келді. Бірақ қалай өткіземіз деген сұрақтың жауабы табылмаған. Ендігі кезде жаңа заң жобасы дайындалды. Онда митинг өткізу тәртібі қарастырылған. Бұдан былай жергілікті билік митинг өткізетін жерді анықтауы тиіс, және де жауапкершілік мәселесі де қаралды", - деді Ұлттық кеңес мүшесі.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты парламентке қатысты "оппозициялық азшылық" деген заң қабылдануы тиіс екендігін атап өтті. Оның айтуынша,сСол кезде оппозиялық партия өкілдері парламенттегі жеті комитеттің біреуіне төраға болуға мүмкіндік алады.

"Келесі жылы бұл заң жобасы парламентте қарастырылмақ. Қабылданған жағдайда митингілерді өткізудің мәдениеті шешіледі. Сонымен қатар, оппозициялық көзқарастар, балама ойларға жол ашылады. Әлеуметтік желілерде өзіміздің белсенділер ой-пікірлерін жеткізе алмай, әртүрлі іс-шараларға ат салысып жатады. Сол себепті парламентке қатысты "оппозициялық азшылық" деген заң қабылдануы тиіс. Сол кезде оппозиялық партия өкілдері парламенттегі жеті комитеттің біреуіне төраға болуға мүмкіндіктері болады", - деді Жамбыл Ахметбеков.

Сонымен бірге ол митинг өткізудің еуропалық стандарттарына тоқталып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, митинг жөніндегі заң жобасында бұрынғыдай рұқсат беру емес, ескерту мәселесі, митингтің қай жерде болатыны, қанша адам қатысатыны және қандай мәселелер қозғалатыны қаралатын болады. Алайда қоғамдық тәртіп бұзылмауы тиіс деді ол.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды