• Басты
  • Б.Шәріп: Қазақстанда миллионнан астам азамат дәрі-дәрмекті тегін алады
21 Мамыр, 2020 15:18

Б.Шәріп: Қазақстанда миллионнан астам азамат дәрі-дәрмекті тегін алады

Қазақстанда 1 млн 150 мың азамат дәрі-дірмекті тегін алады.  Бұл туралы "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп Денсаулық сауқтау министрлігінің "ДСМ хабарлайды" рубрикасында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Шәріп: Қазақстанда  миллионнан астам азамат дәрі-дәрмекті тегін алады

Басқарма төрағасы "СК Фармация" компаниясы 2009 жылы бірыңғай дистрибютор ретінде құрылғанын атап өтіп, оның қызметіне тоқталып өтті. Оның сөзінше, компания ауыр дертке шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмекті тегін берумен айналысады.

"Кепілденген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмекті және медициналық нысанды бұйымдарды сатып алып, бүкіл медицина мекемелеріне жеткізу және 666-бұйрық бойынша, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін 136 дерті бар науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда 1 150 000 азамат дәрі-дәрмекті тегін алып отыр. Оның 1 млн 60 азамат кепілденген медициналық көмек аясында, ал 90 мыңға жуық азамат, олардың 21 мыңы - ересектер, 68 мыңы - балалар. Олар дәрі-дәрмекті тегін алатын науқастар қатарына жатады.  Өздері ем алатын емханалар арқылы дәрі-дәрмекпен қамтимыз. Ең басты мәселе - дәрі-дәрмекті уақытылы сатып алып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі науқастарға жеткізу", - деп атап өтті Берік Шәріп.


Сондай-ақ басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын арнайы тізім жасайды. Оның айтуынша, келесі жылға арналған тізім қазір даярланып жатыр. 

"Біздің 2020 жылғы тізімге 1 400 атаулы дәрі-дәрмек пен медициналық нысанды бұйымдар бар, бұл тізім бойынша бөлінген. Біреуі - тек қана стационарлық көмек үшін пайдаланатын дәрілік заттар мен медициналық нысанды бұйымдар, ал 680-ге жуық дәрі-дәрмек амбулаторлы деңгейде тегін қамтамасыз етілетін және емхана арқылы науқасқа қолма-қол берілетін дәрі-дәрмектер. Мұның бәрін біз жыл сайын алдын-ала сатып алып, біздің қоймаларға жеткіземіз. Содан соң медициналық мекемелерге жібереміз. Яғни, мекемелер оларда қанша науқас бар, қандай көлемде қабылдайтыны жөнінде бізге ұсыныс береді. Ал біз дәрі-дәрмекті уақытылы жіберіп, қамтамасыз етуіміз керек. Бұл дәрі-дәрмектерді АҚШ, Еуропа елдері, Үндістан, қытай секілді елдерден сатып аламыз", - деді басқарма төрағасы.


Бұдан басқа Берік Шәріп дәрі-дәрмектерді Қазақстанға жеткізу мамырдың аяғында қайта қалпына келетінін айтып өтті. 


"Қазір әлемдік пандемияға байланысты бұрын қалыптасқан көптеген логистикалық процестер бұзылып, көптеген елдер өз шекарасын жауып тастады. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді экспорттауға белгілі бір тыйым салу да бар, бірқатар зауыттар жұмыс істемейді. Қазір бұл мәселелер шешілуде, және мамыр айының аяғында біз дүниежүзілік пандемиямен байланысты 20-ға жуық дәрі-дәрмек алып келеміз деп жоспарлап отырмыз. Жүктер өтіп жатыр, бірақ барлық елдерден емес", - деді басқарма төрағасы.


Бұдан бөлек Берік Шәріп жұмыс кезінде кездесетін кедергілерге тоқталып өтті. Оның сөзінше, кейде дәрі-дәрмек компанияның қорында да болмай қалады, сол кезде басқа медициналық ұйымдармен келісіп, сол ұйымдардан жеткізіп беруге тырысады екен.


"Кей кездері өңірлер бойынша медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты жоспарлау дефектілері болады. Бұл жоспарлау дефектілерін алдын алу үшін және науқастың хабарлы болы үшін бізде тегін жұмыс істейтін байланыс орталығы - 1439 нөмірі бар. Бұл нөмір бойынша әр азамат  хабарласып, өзіне қандай дәрі-дірмек қажеттігін айтып, кепілденген медициналық көмек аясында қолдана алады. Егер керекті дәрі-дәрмектер мекемеде болмаса, сол ұйыммен жұмыс істейміз. Мекеме бізге ұсыныс жібереді. Біз өзіміздің қордан, егер бізде болмаған жағдайда, басқа медициналық мекемелерге сұрау салып, болса, солардан алып болсын жеткізіп беруге тырысамыз", - деді ол.


Сонымен бірге басқарма төрағасы ҚР әр азаматы 1439 нөміріне хабарласып, "СК Фармация" компаниясына, дәрі-дәрмекке қатысты өз арыз-шағымдарын айтып, хабарласа алатынын атап өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды