• Басты
  • Б.Шәріп: 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
13 Қаңтар, 2020 17:04

Б.Шәріп: 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 2020 жылдан бастап МӘМС аясында 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы биылғы тегін берілетін дәрі-дәрмектер туралы өткен баспасөз мәжілісінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Шәріп: 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. Бұрын біз тек бес жасқа дейінгі балаларға ғана дәрі-дәрмекті тегін берсек, бұл топты 18 жасқа дейін кеңейтіп жатырмыз. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. МӘМС жүйесін енгізу кезінде тегін дәрі-дәрмектер тізбесін кеңейту туралы ҚР ДСМ-нің бұйрығы қазіргі уақытта ҚР ӘМ-де тіркелуде. Барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде МӘМС жүйесіне қатысушы пациенттер 62 ауру бойынша тегін қамтамасыз етілетін болады", - деп атап өтті Берік Шәріп.

Сонымен қатар ол өз сөзінде дәрі-дәрмек тегін берілетін ауру түрлеріне тоқталып өтті.

"Пациенттерді инфекциялық, протозойды, паразиттік аурулар, гельминтоздар, грибокты инфекциялар, ас қорыту, қан, ағзалардың аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар, жүйке жүйесі, көру, есту және тыныс алу ағзаларының, тері және тері асты клетчаткасы, несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекер тіндердің аурулары, сондай-ақ жүрек-қан тамыры аурулары кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда", - деді ол.

Сондай-ақ Берік Шәріптің сөзіне сүйенсек, дәрі-дәрмек атауларын кеңейту мақсатында биыл бюджеттен өткен жылмен салыстырғанда екі есе қаражат бөлінген.

"МӘМС аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету едәуір көбейіп жатыр. 2019 жылы біз арқылы 45 назология бойынша дәрі-дәрмектің 450 атауын жеткізгенбіз. Кеңейту нәтижесінде осы жылдан бастап 660-бұйрық бойынша, яғни тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қазір 140 ауру назологияға кірді. Дәрі-дәрмектің атауын 750-ге дейін кеңейтіп жатыр. 2019 жылы бюджеттен 100 млрд-тан астам қаржы бөлінсе, биыл 190 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр", - деді Берік Шәріп. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды