• Басты
  • Б.Серікбаев: Ұлттық кеңес отырыстарын аймақтарда өткізуді қолға алу керек
17 Ақпан, 2020 14:21

Б.Серікбаев: Ұлттық кеңес отырыстарын аймақтарда өткізуді қолға алу керек

Жергілікті жерлердегі мәселелерді шешіп, ұлттық кеңестің рөлін арттыру мақсатында Ұлттық кеңес отырыстарын аймақтарда да өткізуді қолға алу қажет. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу" сараптамалық баяндамасын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлады Stretegy2050.kz тілшісі.

Б.Серікбаев: Ұлттық кеңес отырыстарын аймақтарда өткізуді қолға алу керек

Бауыржан Серікбаев өз сөзінде Ұлттық сенім кеңесі құрылғалы елде бірқатар оң өзгеріс орын алғандығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл платформаны пайдалана отырып, жаңа құндылықтарды қалыптастыру керек.

"Бұған дейін Ұлттық кеңес екі бас қосуын өткізді. Бұл шаралар қандай өзгерістерге себепші болғанына тоқталайық. Бiрiншi, митинг туралы заң жобасы талқылануы үшін интернетке шықты. Ол жерде ҚР әр азаматы заңдағы баптар бойынша өз пікірлерін айта алады және заң қабылданбай тұрып, заң парламентке кетпей тұрып азаматтар өз ұсыныстары мен өзгерістерін енгiзе алады. Екіншi, партияны тiркеу үшін 20 мың адам жеткiлiктi. Бұған дейiн ол 40 мың адам болатын. Ал Ұлттық кеңес жиынында бұл мәселе талқыға салынып, партияны тіркеу үшін адам санын 40-тан 20-ға дейін түсіру жұмысы басталды", - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар ол аталған кеңес отырыстарынан кейін бірқатар заңға өзгеріс енгізу қолға алынды. Мәселен, оның айтуынша, қылмыстық кодекстің 174-бабы қайта қарала бастады.

"Қылмыстық кодекстiң 174-бабын қайта қарастырылуда. Бұған дейiн бас бостандығынан айыру секiлді жаза қолданылған болса, қазiр ақырындап әкiмшiлiк жаза қолдануға ауыстырып жатыр. Қылмыстық кодекстің 174-бабы елдегi ұлтараздықты тудыру, мемлекеттiң тұтастығын бұзу, ұлттар арасында кикiлжiңге себеп болу секілді мәселелерді қарастырады. Төртінші, парламенттік оппозиция. Халықтың жағдайын айтатын парламентте басқа да партия болуы керек деген ұсыныстар айтылып жатыр", - деді Бауыржан Серікбаев.

Бұдан бөлек Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы таныстыру кезінде болашақта Ұлттық кеңес жұмыстарын одан әрі дамытып, жандандыру үшін бірқатар ұсыныс айтты.

"Ұлттық кеңес жаңадан құрылған ұйым. Ұлттық кеңестің жұмысын кеңейтіп, күшейту үшін оның отырыстарын аймақтарда өткізу керек. Тек астанада ғана емес, облыс, аударда да өткізуді қолға алу қажет. Себебі аймақтарда біз естімеген, біз білмейтін түрлі проблемалар жетіп артылады. Мәселен, Қордай мәселесі. Аймақтарда кеңес отырыстары өткенде, бұл мәселе көтеріліп, шешімін табушы еді. Міне, сол себепті өткізу керек, ол оң өзгерістерге жол ашпақ", - деді ол. 

Сондай-ақ оның айтуынша кеңестің жұмысын жеделдетіп, проблемаларды уақытылы шешіп отыру мақсатында аталмыш кеңес отырыстары жиі ұйымдастырылуы керек.

"Ұлттық кеңес отырыстарын үш айда бір емес, мүмкіндігінше айына бір рет өткізу керек. Бұл елдегі саяси процестерге қатысуға, реформаларды жүргізуге қатысуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар аталмыш кеңестің қоғамдағы рөлін арттырады. Үшінші, "Мемлекеттік тіл туралы" жаңа заңның қабылдауын талқылау қажет. Халық тарапынан айтылып келе жатқан өзекті проблемалардың бірі", - деді сарапшы. 

Сөз соңында саясаттанушы Ұлттық кеңес жұмысы жөнінде халық арасында әртүрлі сын айтылып жатқанынан хабардар екенін жеткізді. Ол сыннан қашпай, керісінше оларды тыңдай отырып, Ұлттық кеңестің жұмысын одан әрі дамытып, кеңесті халықтың үнін билікке жеткізетін, халық пен билік арасындағы диалог платформа болатын  деңгейге жеткізу керегін атап өтті.

Айта кетейік, аталған іс-шараға Ұлттық кеңес мүшелі мен ҚСЗИ өкілдері, атап айтсақ, Мұрат Әбенов, Талғат Қалиев, Азамахан Әміртай, Ғалымжан Ғұсманғали, Мәдина Нұрғалиева, Алуа Жолдыбалина қатысты.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды